А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет7/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

Мәтін №2 
Көшпелілер ұғымында ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі 
ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Өйткені 
дәстүрлі наным-сенім бойынша, аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа 
Тәңірі несібе бұйыртады екен деседі. Сонымен бірге тұрмыстық тіршіліктен 
тыс адамдар арасындағы дәнекер саналатын «дәм-тұз» деген киелі ұғыммен де 
семантикалық байланысы айқын аңғарылады. Басқаша айтқанда, ыдыс-аяқ 
дастарқандас адамдар арасындағы сыйластық қатынастың да өзіндік дәнекері 
функциясын атқарады. Өйткені көшпелілердің этикасы бойынша, бір 
дастарқаннан, бір ыдыстан (табақтан) дәм татқан адамдар бір-бірін 
жаманшылыққа қиюы үлкен күнә болып саналды. Ыдыс-аяқтың дәстүрлі 
отбасылық-некелік қатынас жүйесінде де өзіндік ғұрыптық және этикалық 
орны мен функциясы болды. Қыздың жасауының құрамындағы шешесінің өз 
қолынан табысталған ыдыс-аяқ қыздың көргенділігінің айғағы іспеттес болды. 


11 
1. Ыдыс-аяқтың функиясы
A) Сыйластық қатынасы
B) Махаббат қатынасы
C) Адамгершілік қатынасы
D) Ар-намыс қатынасы
E) Аманаттау қатынасы
2. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой
A) Ас – адамның арқауы
B) Доссыз өмір, тұзсыз ас
C) Аяғын көріп, асын іш
D) Анаға қарап қыз өсер 
E) Отбасы – шағын мемлекет. 
Мәтін №3 
Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама 
шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі 
нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен 
бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол 
өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма 
меристемасы арқылы жалғастырады. 
Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрылыққа 
шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда 
негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан 
өсіп шыққан жапырақ - тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. 
Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің 
әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде 
қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі 
базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды 
бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады. 
1. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы
A) Тамыры тереңге тартады
B) Өсуі ұшынан жалғаспайды
C) Алғашқысы негізгі өркеннен шығады
D) Жанама өркеннен шығады
E) Меристемасынан өспейді 
2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Алғашқы жапырақтар 
B) Нағыз жасыл жапырақ 
C) Жапырақтардың сипаты 
D) Жапырақтардың түсі 
E) Жапырақтардың түрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет