14
белбеуді тұмақтың үстіне тастап, қайта қашады. Екінші ойыншы белбеуді алып,
қарсыласын көмбеге жеткенше қуып жетіп ұруы керек. Енді ойынға келесі екі
атты адам шақырылып, олар да соны істейді.
Қай топтың ойыншысы
қарсыласын көп ұстаса сол топ жеңген болып есептеледі.(«Қазақтар»
анықтамалығынан)
1. Екі көмбе арасындағы қашықтық
A) 1-2 метрдей
B) 100-300 метрдей
C) 1-2 километрдей
D) 100-2000 метрде
E) 1000-200 шақырымдай
2. Жеңген топты анықтау жолы
A) Таяқ көп жеген топпен анықтаған
B) Қашып ұстатпаған топпен анықтаған
C) Ойыншысы көп жеңген топпен анықтаған
D) Көмбеге шаба алған топпен анықтаған
E) Белбеу немесе орамал алған топпен анықтаған
Мәтін №8
«Бурабай» – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. Сол
маңайдағы қазақ елі – «Жер жұмағы»десе, журналист білгіштер Швейцарияға
теңеп, мақтан етеді. Нияз осы сөздерді екшеп, електеп
өткізгенде тапқан бір
мысқал алтын шындығы: қазақ даласы – халықтың бай «қазынасы». Ол қандай
байлық? Кейбіреулер дала дегенді көлбеп жатқан құла дүз, жусаннан басқа
өсімдік, суырдан басқа жәндік жоқ, қу тақыр деп ойлайды. Қазақстан жерінде
тау-төбе,
өзен-көл, тақыр-құм,
сызат-саз, ойпаң-жазық,
қырат-адыр, орман-
тоғай да бар. Үш Франция жеріне пара-пар Қазақстан – түсті, асыл кендердің
қазынасы, астықтың қоймасы, мыңғырған малдың өрісі. Міне, Нияз өмір сүрген
қазақ жерінің бір бұрышының ауасы –
дертке шипа, талай адамды өлімнен
құтқарған қасиетті жер (З.Шашкин).
1.Қазақстандағы байлық көзінің бірі
A) Астық
B) Ірі сулар
C) Өнерлі халқы
D) Биік таулар
E) Орман-тоғай
2. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Қазақстан – асыл кендердің ордасы.
B) Бурабайды көп ел біле бермейді.
C) Бурабай шипалы жерге жатады.
D) Қазақ даласының байлығы – халық қазынасы.
E) Бурабайды Швейцарияға теңейді.
Достарыңызбен бөлісу: