А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет6/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

 
Мәтін құрылымы 
Мәтіннің тақырыбын ашу үшін және негізгі ойды оқырманға жеткізу 
үшін мәтінде қолданылған әрбір сөйлемнің өз орны болуы тиіс. 
Мәтін құрылымы үш бөліктен тұрады: басы (кіріспе), негізгі бөлімі, 
соңы. 
Кіріспеде оқырманның назарын аудару көзделеді. Негізгі бөлімде 
айтылатын ойдың түйінді мәселелері жүйелеп түсіндіріледі. Мәтіннің соңы – 
қорытынды бөлім, бұл – сөздің бүкіл күшін топтастырушы, мәнді бөлім. 
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мәтіннің желісін бұзбауы керек. 
Мәтінге басқа қосымша сөйлем қосқанда немесе толықтырғанда негізгі ойдан 
ауытқымауы керек. 
Мәтінді абзацтарға бөлу 
Әрбір мәтін тұтас бір ойдың айналасында болатынын білеміз. Ендеше 
мәтіннің құрамындағы әрбір жаңа ой абзацтарға бөлінуі тиіс. Әрбір мәтін 
белгілі бір тақырып айналасында құрылғандықтан, мәтінде бірнеше ой-пікір 
айтылуы мүмкін. Сол себепті мәтіндегі екі не одан да көп ой-пікірлер абзац 
арқылы ажыратылады.
Мәтінді абзацқа бөлгенде, алдымен, сөйлемдердің тақырыбы анықталады. 
Тақырып ауысқан кезде келесі абзац басталады. 
Мәтіннің ой желісі 
Мәтіннің тұтас бір мағынасы болады. Жақсы құрастырылған мәтіннен 
бірде-бір сөйлем алып тастауға болмайды. Сөйлемдер бір тақырып 
айналасында мәтіннің ой желісі бойынша құрылады. Тақырыптан тыс кез 
келген сөйлем мәтіннің ой желісін бұзады. Шылаулар, сілтеу есімдіктері, 
қыстырма сөздер сөйлемдерді мәтіннің ой желісі бойынша реттестіргенде сізге 
үлкен көмек тигізетін болады. 
 
 


10 
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
ЕКІ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР 
 
Мәтін №1 
Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып 
кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына 
бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Қайыс теріден жасалған, мықты болады. 
Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының 
сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан аттың тезек тастайтын 
тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі 
құйысқанға қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді. 
Мұндайды біздің қазақ жақтырмай: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты» 
деп айтады.Өмілдірік - ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын 
орай тағылған құрал. 
1. Құйысқанның қайыстан жасалуының себебі 
A) Құйысқан мықты болуы үшін
B) Құйысқан аттың терісін қажамас үшін
C) Құйысқан әдемі көрінуі үшін 
D) Құйысқанға тезек қыстырылмас үшін
E) Құйысқан осал болуы үшін 
2. Мәтіндегі: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты» деген сөздің астарлы 
мағынасы 
A) Қолынан іс келмейтін адамға қатысты айтылған 
B) Өзінің жауапкершілігін көрсете алмайтын адамға қытысты айтылған
C) Кез-келген жерде жарқырап жүретін адамға қатысты айтылған
D) Өзінің жеке пікірі жоқ адамға қатысты айтылған
E) Кез-келген іске қыстырыла беретін адамға қатысты айтылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет