66
B) Көршілерін
C) Үлкен қаланы
D) Өз бөлмесін
E) Орталық көшені
18. Эдисон шамының орташа жұмыс істеуі қанша уақытты құрағанын
белгілеңіз
A) Шамамен 20-35 тәулік
B) Шамамен 40-50 тәулік
C) Шамамен 30-40 тәулік
D) Шамамен 25-35 тәулік
E) Шамамен 20-45тәулік
19. Мәтін мазмұынын қорытындылайтын даналық ой
A)Ғылым гауһар –
Бағасы жоқ
B)Өнерлінің өзегі толмас.
C) Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
D) Өмір - үлкен мектеп.
E) Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
20. Өзекшенің тиімді түрін тапқан ғалым
A) Петров
B) Сойер
C) Эдисон
D) Лодыгин
E) Деви
VІІI нұсқа
Мәтін №1
Тымақ - ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді.
Тымақтың мынадай түрлері болады: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ,
пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына
қарап та таныған,
яғни арғын, жалайыр мен найман тымағы немесе Торғай,
Семей тымағы деген үлгілері болған.
Тымақ
- биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке,
жотаны жауып
тұратын артқы етегі бар жылы бас киім. Сыртын берік,
қымбат маталармен
тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін,
тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе берік ағаштан тиек (құрысқақ)
жасап қадайды.
«Ескілік» деген өлеңінде данышпан Абай былай деп жырлаған:
Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
67
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.
Тымақ - қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды,
оған аяқ
тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра ретінде қалып
отырған. Бұрынғы кезде қазақтар шала туған баланы неше күні
кем болса,
сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қоятын болған. Бұл - тымақтың
қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: