Мәтіннің көріктеуіш құралдары Мәтінді оқырманға әсерлі ету үшін көріктеуіш құралдарды пайдаланады.
Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Мысалы: Ержан басын бүркеңкіреп алып, іргеге қарап, тышқан аңдыған мысықтай тынып жатқалы бірқауым уақыт өтті. Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін
білдіретін суретті сөз. Мысалы: Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Метафора – суреттелген затты не құбылысты айқындау үшін оларды
сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау. Мысалы: Абай әлгі сөзді тыңдап бола бере, әуелі бір қысқа ғана мысқыл айтты: - Ауыл – дарбаза, сөз – самал, - деп қойды да, - есесің де бөсесің ғой, Тобықтының сотқары! – деді. Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Мысалы: Осы сен не боп барасың күннен- күнге? Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барсың ғой! Ұялмайсың ба бір мезгіл елден- жұрттан? Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды! Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде
суреттеу. Мысалы: Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр. Кейіпкер мінезі Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам,
көркем образ.
Мінез – адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің
жиынтығы.
Мінездеу– әдеби кейіпкердің таным-түсінігі мен мінез-құлқын
таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін
ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-
әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы
әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының
бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса
қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу
үшін маңызды рөл атқарады.
Мәтіндегі кейіпкерлердің мінезі жағымды немесе жағымсыз болып
келеді. Жағымды мінездерге қарапайымдылық, ұяңдық, жомарттық,
9
мейірімділік, сыпайылық, қамқорлық, адалдық т.б. жатады. Жағымсыз
мінездерге сұмдық, арамдық, сараңдық, тәкаппарлық, паңдық, мақтаншақтық,
еріншектік, т.б. жатады.