А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет4/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

Тірек сөздер 
Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер 
«тірек сөздер» деп аталады. 
Мәтін не туралы? деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздреі 
болады. Мәтіннің тірек сөздерін
 «кілт сөздер» дет те атауға болады. 
Әдетте, мәтін құрастырар алдында оқушыға тірек сөздер беріледі. Оқушы 
берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады. Тірек сөздер арқылы 
шағың әңгіме, ертегі, өлең немесе кез келген мәтін түрін жазуға болады. 
Жазылған мәтін жүйелі шығу үшін тірек сөздердің бірін біріктіретін тақырып 
тауып алу керек. Мәтін не туралы болса, тақырыбы да сол болады. Мәтінге ат 
қойғанда оның тақырыбының қысқаша нұсқасын пайдаланады.
Кейде берілген тірек сөздерге қарап, бұрын оқыған шығарманы еске 
түсіруге болады. Мысалы, «дос, аю, ағаш» деген тірек сөздер берілсе, осы үш 
сөздің арасында байланысы бар мәтінді ой елегінен өткізе бастаймыз. Бұл тірек 
сөздерден орманда келе жатып, алдынан аю шыққанда екі достың мықтысы 
әлсізін жалғыз тастап кеткен әңгіме есімізге түседі.
Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыруға болатын болса, мәтіннен 
тірек сөздерді де дәл солай табуға болады. Тест тапсырмаларында көбінесе, 
дайын мәтіннен тірек сөздерді табу талап етіледі. Ол үшін мәтінді мұқият оқып 
шығып, мәтіннің не туралы екенін анықтап алу қажет. Ең бастысы, табылған 
тірек сөздер мәтіннің мазмұнын ойша елестете алатындай дәрежеде 
таңдалынып алынуы қажет. 
Мәтіннің тірек сөздері ғаламтор желісінде өте жиі пайдалынады. Дұрыс 
жазылған тірек сөздер оқырманға қажетті мақаланы тез табуға көмектеседі. 
Мақаланың көбірек оқылуы үшін тірек сөздердің дұрыс теріліп жазылуы өте 
маңызды. 
Мәтіннің негізгі ойын түсіндіру тәсілдері 
Мәтіннің негізгі ойы оқырманға одан да жақсы жеткізілуі үшін жазушы 
әртүрлі тәсілдерді пайдаланады. 
Салыстыру. Екі не одан да көп заттың ұқсастығы мен аймаршылықтарын 
салыстыру үшін қолданады. Мақсаты – бір затты басқа заттардан ерекшелеу
осылайша сол зат туралы мағлұматты түснікті етіп беру. Мысалы, мәтінде 
«мынау мынадай, ал мынау болса мынадай» деген ұғымдар болса, салыстыру 
тәсілі қолданылды дегенді білдіреді.
 Анықтама беру. Бір заттың не екендігін түсіндіру үшін қажет. 
Оқырманға тез түсіндіру үшін автор осы тәсілді қолданады. Мәтінде бір ғана 
заттың анықтамасы берілуі тиіс. Әйтпесе екі зат болса, ол салыстыру болып 
кетуі мүмкін.
Мысал келтіру. Айтылған ойды көз алдымызға елестету үшін қолданады. 
Әдемі мысал айтылған көп сөзден әлдеқайда әсерлі болуы және көпке шейін 



есте қалуы мүмкін. Мысал ретінде кейде танымал тұлға не туынды берілуі 
мүмкін. 
Дәйексөз келтіру. Автор өз ойын дәлелдеу үшін танымал тұлғалардың 
сөздерін дәйексөз ретінде келтіреді. 
Байланыс құру. Бір-бірімен тікелей байланысы жоқ ұғымдарды, заттарды 
асқан шеберлікпен байланыстырып мәтіннің негізгі ойын түсіндіріп беру үшін 
қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет