А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

 
Мәтін №6 
Таралғы немесе үзеңгі бау – ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп
үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш 
елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзеңгі бау бір қабат болса, жаугершілік 
кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ат үстінде тұрып 
садақ тарту немесе найзаласу кезінде негізгі күш үзеңгі бауға түседі. 
Сондықтан да үзеңгі бау немесе таралғының сайыс кезінде маңызы өте зор 
болған. Қазақтың ауызекі сөзіндегі: «Үзеңгі бауы сегіз қабат, ас үстінде 
шіреніп...» деген тіркесі тегін айтылмаса керек. 
1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Қайыс бау
B) Ат тұрманы
C) Сарбаздар үзеңгісі
D) Үзеңгі бау
E) Ат әбзелдері
2. Үзеңгі бауды бірнеше қабаттан салуының мәнісі 
A) Үзеңгі дұрыс тұруы үшін
B) Күш түскенде үзілмес үшін
C) Қайысы әлсіз болған соң
D) Маңызы зор болғаны үшін
E) Қайысы үші елі болған үшін
 
Мәтін №7 
Жігіт қуу - барлығы 10-20 адам қатысатын жігіттердің ат ойыны. Әркім өз 
атымен қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші арасы 1-2 
шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, 
оның басына тұмақ кигізеді, екінші көмбеде өзі тұрады. Екі топтан екі адамды 
шақырып біреуіне қолына белбеу немесе орамал береді. Ойын жүргізушінің 
белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Белбеу 
алған ойыншы екіншісін көмбеге қуып жетіп ұруы керек те, көмбеге жеткен соң 


14 
белбеуді тұмақтың үстіне тастап, қайта қашады. Екінші ойыншы белбеуді алып, 
қарсыласын көмбеге жеткенше қуып жетіп ұруы керек. Енді ойынға келесі екі 
атты адам шақырылып, олар да соны істейді. Қай топтың ойыншысы 
қарсыласын көп ұстаса сол топ жеңген болып есептеледі.(«Қазақтар» 
анықтамалығынан) 
1. Екі көмбе арасындағы қашықтық
A) 1-2 метрдей
B) 100-300 метрдей
C) 1-2 километрдей
D) 100-2000 метрде
E) 1000-200 шақырымдай 
2. Жеңген топты анықтау жолы
A) Таяқ көп жеген топпен анықтаған
B) Қашып ұстатпаған топпен анықтаған
C) Ойыншысы көп жеңген топпен анықтаған
D) Көмбеге шаба алған топпен анықтаған
E) Белбеу немесе орамал алған топпен анықтаған
Мәтін №8 
«Бурабай» – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. Сол 
маңайдағы қазақ елі – «Жер жұмағы»десе, журналист білгіштер Швейцарияға 
теңеп, мақтан етеді. Нияз осы сөздерді екшеп, електеп өткізгенде тапқан бір 
мысқал алтын шындығы: қазақ даласы – халықтың бай «қазынасы». Ол қандай 
байлық? Кейбіреулер дала дегенді көлбеп жатқан құла дүз, жусаннан басқа 
өсімдік, суырдан басқа жәндік жоқ, қу тақыр деп ойлайды. Қазақстан жерінде 
тау-төбе, өзен-көл, тақыр-құм, сызат-саз, ойпаң-жазық, қырат-адыр, орман-
тоғай да бар. Үш Франция жеріне пара-пар Қазақстан – түсті, асыл кендердің 
қазынасы, астықтың қоймасы, мыңғырған малдың өрісі. Міне, Нияз өмір сүрген 
қазақ жерінің бір бұрышының ауасы – дертке шипа, талай адамды өлімнен 
құтқарған қасиетті жер (З.Шашкин). 
1.Қазақстандағы байлық көзінің бірі 
A) Астық 
B) Ірі сулар 
C) Өнерлі халқы 
D) Биік таулар 
E) Орман-тоғай 
2. Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A) Қазақстан – асыл кендердің ордасы. 
B) Бурабайды көп ел біле бермейді. 
C) Бурабай шипалы жерге жатады. 
D) Қазақ даласының байлығы – халық қазынасы. 
E) Бурабайды Швейцарияға теңейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет