А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет8/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

Мәтін №4 


12 
Көшпелілер өмірінде малдың орны ерекше. «Күндік өмірің болса, түстік 
мал жи» деген бабаларымыз. «Малым - жанымның, жаным - арымның 
садағасы» деп түйеді тағы да. Сәлемдескенде де «мал-жан аман ба?» деп 
бастайтыны содан. «Көш көлікті болсын!», Қоныс жайлы болсын!» «қойың егіз 
тапсын!». Бұл тілеулер де шаруашылық ыңғайына қарай қолданылады. «Қой 
баққанға, шаруаға қыры бар адамға бітеді» дейді бұрынғылар. «Қой қара тасқа, 
жабағы жеген насқа бітеді» деп те дәріптейді. Қой көшпелі қазақтың кисе – 
киімі, жесе – тамағы. Оның азықтық және тұрмыстағы пайдасы түйе мен 
жылқы түлігінен артық. Жер мен шөпті де таңдамайды. 
С.Мұқанов бір еңбегінде: «Төңкерістен бұрын 20-25 мың қойы бар байлар жиі 
кездескен», - деп жазыпты. 
Монғолияның Қобда бетіндегі асқан байдың бірі болған Тоқанұлы 
Ұлтарақтың тек соғымына 45 жылқы, 10 шақты сиыр, 100 шамасында қой 
сойылатын болған. Әрине, бұл байдың өз жалшы-малшыларының да қазанын 
көтеруімен қатар, байға келер қонақтың мөлшерін, жиын-тойдың ауқымын 
есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ақ, XIX ғасырдың соңы кезіндегі мәліметтерге 
қарағанда «Семей губерниясының бір байы соғымына он жылқы, елу қой, екі-
үш сиыр соятын болған» дейді зерттеушілер. 
1. Қой малының артықшылығы 
A) Азықтық пайдасы артық
B) Тебінге қатты шыдайды
C) Соғымға көп сойылған 
D) Қара тасқа бітеді 
E) Көшке қолданған
2. Байлардың соғымға өте көп мал арнауының себебі 
A) Кедей-кепшіктерге таратқан 
B) Отбасында адамдар көп болған 
C) Ауқымды жиын-тойлар көп болған 
D) Асқан бай болған 
E) Жалшыларға таратып отырған. 
Мәтін №5 
Қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз 
күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде берік орын 
тепкен. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда 
шақыру - бәрі мал өнімінсіз өтпеген. Мәселен, құдаларға сойылған малдың етін 
жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады. Жаңа сойылған қойдың мүше 
бөліктері, кұданың сыбағасы - жамбас салынған «құда табақ» тарту бәрінде 
жарасымды әдеп, биік парасат жатыр. Қонақ күту рәсімі өз алдына бөлек 
мектеп. Сыйлы адамдарға жасының үлкен кішілігіне карап сыбаға жасалады. 
Ақсақалға бас тартылады. Басты ұстау, одан дәм таттыру, орнымен үлестіру де 
өнер. 


13 
1. Мал өнімінің қажеттілігі
A) Салт-дәстүрде қолданған.
B) Жиын- тойларда басты ас ретінде саналған.
C) Құдаларға арналған ас ретінде саналған.
D) Адамдардың сыбағасы болған.
E) Ақсақалға басын тартқан. 
2. Мәтін бойынша мал өнімінің пайдасы
A) Онсыз жиын-той өтпеген
B) Киім тігу өнімі болған
C) Жарасымдылыққа шақырған
D) Парасатты дәріптеген
E) Сыбаға берілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет