Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. Делез)



бет17/89
Дата22.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#96192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89
Байланысты:
Философия.(каз.)Презентация

3. Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. Делез).

  • Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл ғылымға дейінгі табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы. Ж.Деррида постмодернизмнің онтологиялық және гносеологиялық-методологиялық идеяларын әзірлеп жасады. Деррида қазіргі заманғы философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты. Оны түзетудің әдісін іздестірді. Мемлекеттің репрессияшыл құрылымының адамға күйретуші әсерінен құтылудың әдісі – деконструкция деп тапты. Постмодернизмнің деконструкциясы – әрі хат, әрі текстті оқу. Тект – бұл таңбалардың шоғырланған үйіндісі емес, ол – процесс. Текстуалділік «көптеген кішкентай наррациалардан» (әңгімелерден) түзіледі. Текстті талдаудың қайсысы болмасын оның мәнін ашуға емес, тексттің ұлаюына алып келеді. Талқылау процедурасы шексіз болуы ықтимал.

3. Сана постмодернистік философиядағы мәтін ретінде (Ж. Деррида, Ж. Делез).

  • Номадизм – постмодернизмнің әлеуметтік философиясының өзегі, оның осы кездегі саяси-әлеуметтік жүйеге оппозициялық қатынасының көрсеткіші. Постмодернист-деконструктивист жолаушы іспеттес. Жиль Делездің айтуынша, номадтық дәстүрде ойлау – бұл Маркс пен Фрейд сияқты білім ойынын ойнау емес, Фридрих Ницшенің әдетінше авангардтық өнер ойынын ойнау. Жак Деррида 40-қа жуық еңбек жазды. «Дауыс және құбылыс» (1967) және «Грамматология» (жазу туралы ғылым) атты еңбектерінде сөзден (логостан) гөрі жазудың маңызын жоғары қояды. XX ғасыр философиясы шынайы болмысты таза сана аумағынынан іздеді, сөйтіп Хайдеггердің нұсқасында аталмыш сферада ол жоқ деген тұжырымға келді. Нұрланған, ашылған болмыс дегенімен бар еді, тек ол субъекті мен объектінің тұтастығында ғана мүмкін еді. Болашақта да солай болады ма, егер болса, онда қандай жолмен болмақ? Міне, мәселе қайда? XXI ғасыр сұрағы осы.

Тақырып бойынша бақылау сұрағы санасыздық мәселесін зерттеген кім?

  • Фрейд
  • Абай
  • Ленин
  • Данилевский


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет