Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың анропологизмі



бет42/89
Дата22.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#96192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Байланысты:
Философия.(каз.)Презентация

3. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың анропологизмі

  • Фейербахқа сәйкес, адам – «табиғаттың айнасы». Ол – табиғат туындысы және оның жаратылыстық күштері мен қабілеттерінің бейнеленуі болып табылады. Сондықтан заттар табиғатында жаратылыстан тыс ештеңе жоқ. «Жаратылыстан тыс» деп аталатынның бәрі адам арқылы жаратылысқа, яғни табиғатқа телінуі тиіс. Фейербах адамның табиғи-биологиялық сипатын атап көрсетті, ол гегельдік жалпылама абстракциялардан қол үзіп, жеке адамға бет бұрды. Айлайда Фейербах адамның өзін өте тар мағынада түсінді. Оның адамы реалдық қоғам мен қызметтен оқшауланған болып шықты.
  • Сонымен Л.Фейербах дінді сынады. Ол табиғат пен адамнан тыс ештеңе жоқ деп есептеді. Оның түсінігі бойынша біздің діни қиялымызбен жасалған жоғары жаратылыстар – бұл біздің өз мәнімізді құдайландыру ғана. Табиғат философияға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, «ақиқат материализм де, идеализм де, физиология да, психология да емес, ақиқат тек қана антропология болып табылады». Фейербах бойынша, адамның мәні оның басқа адаммен қарым-қатынасында, яғни «тек етене қатынаста, адамның адаммен бірлігінде ғана» орын алады.

3. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың анропологизмі

  • Немістің ұлы философы Иммануил Кант XVIII ғасырдың соңында-ақ адам мен адамзат мәнін түсінуге қол жеткізген кез келген ойшыл жауап беруі қажет төрт негізгі сұрақты тұжырымдаған:
  • Мен не біле аламын?
  • Мен не істеуім керек?
  • Мен неге үміттене аламын?
  • Адам дегеніміз не?
  • Әрине, бірінші сұраққа жауап бере отырып, осы уақытта адамзат дүние және өзі туралы өткен ғасырларға қарағанда өлшеусіз көп білетінін атап өту қажет. Оның үстіне, ұлы ойшылдар Толстой мен Абай, Фрейд пен Ясперс, Эйнштейн мен Рассел, Швейцер мен Сахаров адамзат білімінің деңгейіне терең қанағаттанбаушылықты бастарынан кешірді. Олардың көпшілігі танымның өздеріне бақыт әкелмегені былай тұрсын, шыңыраудың шетіне қойғанын көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет