Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мә



бет87/89
Дата22.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#96192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
Философия.(каз.)Презентация

1. Қазіргі қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі

  • «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің мақсатын өзгерту керек. Ол, біздіңше, креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны» қалыптастыру. «Мәңгілік Ел» идеясының филосо­фия­­­лық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор.

2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

  • Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л.Н.Гумилевтің кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ) біртұтас үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі «материалдық база» немесе «мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен руханият және рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді. Осыған орай «еуразия философиясы», «еуразия көп халықты ұлтының философиясы» сияқты жаңа термин енгізу қажет сияқты. Өмірді орнықтырудың сыртқы формасына қарайлаушылық пен мемлекет алдында бас июшілік – бұл Батыстың таңдап алған жолы, ол руханиятты, өзіне тән мәдениет төлтумалылығын жоққа шығарады.

2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері

  • Батысқа деген кірпияздық және батыс­тық центризмді сынау Еуразия қоз­ғалысы өкілдерінің коммунистік Ресейді, марксизм мен больше­визмді сынауымен байланыс­ты болды. Олардың пікірінше, Қазан төңкерісі елді толығымен әлемдік өркениеттік даму жолынан шығарып тастап, Батыстың тұйыққа тірелген, рухтан ада жолына апарып тығырыққа тіреді.
  • Алғашқы еуразиялықтар еңбегінде Еуразия доктринасы мәселелерінің барлық – географиялық, тарихи, саяси және т.б. қырлары сөз етілгенімен, басты бағыты түпкілікті түрде айқындалған жоқ. «Еуразия» деген ұғымның өзі дүдәмал жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін Еуропа мен Азияға қатысты дүниенің тұрғысынан біресе «үшінші», біресе азиаттық бастаманың басымдығына байланысты олардың синтезі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет