Ағаш жапырағымен, жер топырағымен


Ананың алақаны балаға айдынды қоныс



бет2/3
Дата24.05.2022
өлшемі29,16 Kb.
#35528
1   2   3
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс
Ана мейірімінің құдреті шексіз ғой. Анаң сені тоғыз ай құрсағында көтереді. Ал өмір бойы арқалайды деген рас екен. Ананың берген тәлім тәрбиесі кішкентай кезімізде бос сөз секілді көрінеді. Ал шын өмірде оған жететін мектеп жоқ. Ананың өзі мектептегі тәрбиеден мың есе тәрбие мен білім бере алады. Қанша жерден бәрін білгіш болсаңда тәрбиеден аттап ешқайда кете алмайсың. Ананы барында бағалау қажет. Қазіргі уақытта қаншама сәби ананың жылуына зәру. Анасының бір ғана айналайын деген сөзін естуге құштар. Ал біз ше еркелетсе “мама мен өстім ғой”- деп қашамыз. Тіпті кейде достарымыздың жанында анамыз уайымдап телефон шалып жатса, оны алуға да ерінеміз, күндегіше бос сөзін айтады деп. Ал балалар үйіндегі сәбилер телефон арқылы тым болмаса үнін тыңдауға асығады. Сондықтан анамызды барында бағалай білейік. Жоғында дәл осы ісімізге өкініп қалмас үшін. Анаң өмірдегі бар бақытың байлығың ол кісінің бір сәт ауырғанын көрсең онымен қоса өзін ауырасың, жүрегіңде аурады. Аналарымызға қайғы сыйлағанша, қуаныш сыйлайық. Бұл қуаныш анамызды бір жасартып жібергендей болады. Анаңның ақылынан немесе оның әңгімелерінен шаршама, себебі анаң саған күн сайын бұндай әңгіме айта бермейді. Саған сырын айтқаны яғни саган сенгені өзінің серігіндей көргені. Керісінше анаңның әңгімесін құлақ түріп тыңда. Болашақта саған көмегі тиіп қалуы ғажап емес. Анаңа жасаған жақсылықтарыңды санама. Сен анаңа қанша сыйлық алып беріп, жақсылық жасасаңда сені 9 ай бойы көтеріп дүниеге әкелгенін, сен үшін ұйықтамай шыққан түндерін сол жақсылықпен немесе сыйлықтармен қайтарып бере алмайсың. Сондықтан анаңа әрқашан көмектес.Анаңды ренжітпеуге тырыс. Ешкімде ешқашан анаңнан биік қойма. Анаңнан басқаны биік қойсаң ол анаңды ғана сыйламау емес, сонымен қатар өзіңді де сыйламауың. Әрине кемшіліксіз адам, адам емес. Сонда да өздеріңіз ақылдарыңызбен женген дұрыс. Ұлттың болашағы ол-жастар. Ұлтты сақтап қалғымыз келсе жастарымызға дұрыс тәлім-тәрбие бергеніміз абзал. Ал тәрбие ең алдымен үйіңдегі ата-анаңды сыйлаудан басталады.

Отан - қуат,отбасы - шуақ
Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
Адам баласы өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.
Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін. Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.
Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.
Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет