«Ағаш күлі және оның пайдасы»



бет4/8
Дата21.04.2022
өлшемі2,74 Mb.
#31714
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
агаш кули

Үш апта өткен соң,  суды тұндырып алып, тұнған суды тұнбасынан айырып,  майланған қазанға құйып қайнаттым. Сабынның құрамын дайындау барысында ескерілетін қауіпсіздік шаралары бар. Сақардың құрамына белсенді металдардың қосылыстары кіргендіктен абайлап дайындамаса, адамның сыртқы терісін күйдіруі мүмкін. Шамамен малдың тоң майын қосқанда дайын сабынға айналады екен. Өнімді өз қалағаныңдай  пішінге келтіруге болады. Жарты қазандай сақар жинау үшін 4-5 қазан күлдің сөлі болу керек. Осыған қарап, жарты қазан сақар алу үшін қыруар еңбектің нәтижесі екенін байқадым. Қай өсімдіктің күлін алсақ та,  оның үстінен құйған су мен ағатын ащы нілі көбірек болғанын ескерген жөн. Шамамен 4 кесе қайнап жатқан сақарға 4 кесе малдың тоң майын ерітіп қостым. Байқағаным, қайнап тұрған сақарға ерітілген қойдын майын құйған кезде, қазандағы сақардың түсі сүттей аппақ болып кетеді екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет