Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес.Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған. Мен де жасаған қара сабынмен шашымды үш күн сайын жуып отырдым. Сабын біріншіден шашымды жақсы ашады және шашым жүп-жұмсақ болады екен. Байқағаным, бір айдын ішінде шашым қалың және әдемі болып өсті