Қазанды үнемі ағаш қалақшамен араластырып отыру керек. Егер уақытылы араластырмаса, бір қалыпты қайнамайды және тасып кетеді. Әжемнің айтуы бойынша, қазандағы сақарды 3 сағат қайнату керек екен
Қазанды үнемі ағаш қалақшамен араластырып отыру керек. Егер уақытылы араластырмаса, бір қалыпты қайнамайды және тасып кетеді. Әжемнің айтуы бойынша, қазандағы сақарды 3 сағат қайнату керек екен.
Сабын жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сабын жасауына қарай да адамдарға баға беріп отырған. Сабыны дұрыс қайнамаса, тасып-төгіліп қалса, дұрыс жасалынбаса, ол адамның жолы ауырға санаған. Үш сағат бойы қайнатан қазандағы сабынның түсі қоңырлай бастап, азайды.
Қазанның түбіне жапыспау үшін оған 1 стақан суды құйып, үнемі араластырып отырдым.