Мұндай сабындар көбінесе кір-қоң жууға арналады. Мен де сол сабынмен кір жуып тәжірибе жасап көрдім. Дақ түскен қол орамалды,осы сабынмен жуып көрдім. Су ойдағыдай көп көпірмейді екен, бірақ дақ түскен орамалды жақсы кетірді.
Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары ағаш күліне қызығушылық тудырып отыр, өйткені ағаш күлі ол, экологиялық таза өнім. Оның пайдасы өте зор. Тазартудан бөлек ол медициналық тұрғыдан да әсер етеді. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай, өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.
Халық үшін ағаш күлі экономика жағынан да пайдасы өте зор. Себебі, адамдар сабынға, дәрілерге, минералды тынайтқыштарға көп қаражат жұмсамай, отбасылық қаржыларын нығайтады.
Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді.
Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес.
Түйіндеп айтатын болсақ, ағаш күлінің пайдасы ұшаң теңіз. Себебі осы ағаш күлінен жасалған заттар халыққа пайдасын тигізуде. Экологиялық таза өнімді дұрыс пайдаланған адам, денсаулығын әр уақытта сақтай алады.
Емдік және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.