Іштің қатуы. Латын тілінен оbstipatio - толу. 81 температурасы жоғарылайды. Қарашықтар кең, фотофобия1 тән. Қозғалыс және сөйлеу қозулары жүреді, есте сақтау кабілеті мен бағдары бұзылады, галлюцинациялар болады. Улану психоздың жедел түріне ұқсас жүреді.
Атропинмен улану көбінесе балаларда болады. Бұл препаратты мөлшерден тыс енгізгенде немесе осы алколоиды бар өсімдіктің (беладонна, меңдуана) жемісін жегенде дамиды. Емдеуде асқазан-ішек жолдарынан әлі сіңе қоймаған атропинді шығару (асқазанды шаю, танин, белсендірілген көмір тұзды іш айдағыштар), заттың ағзадан шығуын жеделдету (форсирленген диурез, гемосорбция) және физиологиялық антагонистерді (мысалы, ОЖЖ не жаксы өтетін холинэстеразаға қарсы заттарды) қолдану қажет. Айқын қозуларда диазепам (сибазон), кейде қысқа әсерлі барбитураттар тағайындалады. Аса шексіз тахикардияда Р-адреноблокаторларды қолданған жөн. Дене қызуын сырттан суыту арқылы төмендетеді. Қажетті жағдайларда жасанды тыныс қолданылады. Фотофобияның салдарынан мұндай науқастарды қараңғы бөлмелерге орналастыру қажет.
Құрамында атропині бар дәрілік заттардың, ішінде кәдімгі беладонна препараттары, мысалы, сығындылары (қою және кұрғақ) қолданылады.
Атропин тәріздес алколоидтарға скополамин (L- гиосцин) жатады. Химиялық құрылымы бойынша ол скопин мен L-тропты қышқылдын күрделі эфирі. Скополамин Scopila carniolica өсімдігінде және аз мөлшерде құрамында атропині бар басқа да өсімдіктерде кездеседі. Айқын М-холиноблокаторлық қасиеті бар. Атропин жүрекке, бронхқа, ас қорыту жолдарына, ал скополамин - көзге және бірқатар экскреторлық бездердің секрециясына күшті әсер көрсетеді. Скополамин атропинге қарағанда әсері қысқа.
ОЖЖ-не әсері жағынан скополаминнің атропиннен айтарлықтай айырмашылығы бар. Скополамин емдік мөлшерде тыныштандырғыш, ұйқышылдық әсер және ұйқы шақырады. Экстрапирамидалык жүйеге және пирамидті жолдардан мотонейрондарға козудың берілуіне тежегіш әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері атропингс ұқсас, наркоз алдындагы зат ретінде (әдетте морфинмен бірге), сонымен қатар теңіз және әуе ауруларының ("Аэрон" таблеткасының құрамына кіреді) алдын алу үшін, кейде -паркинсонизмде қолданылады.
1 Жарыктан қорқу. Грек тілінен рһоs, ілік септ. рһоtos- жарық, рһоbosқоркыныш, жасқану.
82
Көз практикасында қолдану үшін синтетикалық атропин тәрізді препарат гоматропин (тропин мен миндаль қышқылының күрделі эфирі) ұсынылды. Ол қарашықтың кеңеюін және аккомодацияның салдануын шақырады. Атропинге қарағанда әсері қысқа (15-20 сағ).
Әсері одан да қысқа пепарат -тропикамид (2-6 сағ).
Өсімдік шикі затынан алатын алколоидтоптарына платифиллин
(метилпирролизидин туындысы) жатады. Жалпақ жапырақты зиягүл
(крестовник широколистный) өсімдігінің құрамында кездеседі (Senecio platyphyllus ). М-холиноблокаторлық қасиеті жағынан атропиннен кем.
Айтарлыктай ганглиоблокаторлық және тікелей миотропты спазмолитикалық
(папаверин тәрізді) әсер көрсетеді. Тамыр қозғалтқыш орталығын тежейді.
Платифиллин негізінен спазмолитик зат ретінде асқазанның, ішектің,
өт жолдарының, өт қапшығының, қуықтың спазмдарында қолданылады.
Мидың және тәждік тамырлар тонусының патологиялық жоғарылауы басу
үшін де қолданылады. Кейбір жағдайларда платифиллин офтальмологияда
қолданылады. Ол қарашықты қысқа уакытқа кеңейтеді. Аккомодацияға аз
әсер етеді.
Көзге әсер ету ұзақтығына байланысты қаралған препараттарды келесі тәртіппен қоюға болады: атропин > скополамин > гоматропин > платифиллин >тропикамид.
Синтетикалық препарат м е т а ц и н моно-төртіншілік аммоний қосылыстарына жатады. Осыған орай ол гематоэнцефалды тосқауылдан нашар өтеді, сондықтан оның барлық әсерлері көбінесе шеткі М-холиноблокаторлық болып келеді. ОЖЖ-не әсер етпейді. Атропиннен айырмашылығы оның айқын бронхолитикалык қасиетінде. Көзге әсері жағынан атропинен кем.
Метацин спазмолитик ретінде бронхиалдык демікпеде, ойық жараларда, бауырдың шаншуында, анестезиологияда премедикация үшін (бронх бездерінің секрециясын төмендетеді және жүрекке, бронхқа кезбе жүйкенің қозуының берілуін тежейді) қолданылады.
Төртіншілік аммоний қосылыстарына бронходилататор ретінде қолданылатын ипратропий бромиді және тровентол жатады (13 тарауды қара).
Аталған препараттар таңдамалы емес М-холиноблокаторларға жатады. Осыған байланысты М-холинорецепторларды таңдамалы тежейтін препараттар (мысалы, пирензепин) синтезделген. Оларды асқазанның және он екі елі ішектің ойық жараларын емдеуде қолданады (15.3 тарауды қара).
3.4.НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
Никотинге сезімтал холинорецепторлар (Н-холинорецепторлар) әр жерде шоғырланған. Олар вегетативті ганглийлерде, бүйрек үсті безінің милы заттарында, жүйке-бұлшық еттік синапстарда, каротидті шумақтағы афферентті импульстардың хеморецепциясы мен таралуларында, сонымен қатар ОЖЖ-де нейронаралық қозудың өтуінде афферентті импульстерді берілуіне қатысады.
Әр жерде шоғырланған Н-холинорецепторлардың сезімталдығы химиялық қосылыстарға әр түрлі, бұл олардың кұрылысының айырмашылығына байланысты болуы мүмкін. Осыған орай вегетативті ганглийлерге, жүйке-бұлшықеттік синапстарының холинорецепторларына ОЖЖ-не таңдамалы әсер ету үшін заттарды алуға мүмкіндік берілген.
Н-холинорецепторларды қоздыратын заттар Н-холиномиметиктер (никотиномиметиктер), ал тежегіштері - Н-холиноблокаторлар (никотиноблокаторлар) деп аталады.
3.4.1. НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ
ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (Н-ХОЛИНОМИМЕТИКТЕР)
Бұл топқа никотин, лобелин, цитизин алколоидтары жатады. Олар Н- холинорецепторларға екі кезеңдік әсер көрсетеді (қозу кезеңі тежеу әсеріне ауысады).
Никотин - темекі (Nicotianatabacum және Nicotianarustica ) жапырағының алколоиды, химиялық кұрылымы бойынша пиридинметилпирролидин.
Емдік бағалығы жоқ. Эксперименталды фармакологияда заттардың әсер ету механизмін талдау үшін қолданылады. Сонымен қатар темекі шегу кең тарағандықтан никотиннің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасьн білу токсикология жағынан маңызы бар.
Никотин шеткі және орталык Н-холинорецепторларға әсер етеді. Әсіресе, оған екі кезеңдік әсер көрсететін вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторлары сезімтал. Бірінші кезең (қозу) ганглионарлы нейрондар мембранасының деполяризациясымен, екіншісі (тежеу) ацетилхолинмен бәсекелес антагониздігімен сипатталады. Никотин ацетилхолиинің синтезіне, босап шығуына және гидролизіне әсер етпейді.
Никотин тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарының рефлекторлы қозуын шақыратын синокаротидті аймақтың
84 хеморецепторларына айқын ынталандырғыш әсер көрсетеді. Тежелу кезеңі қанда никотиннің жоғары концентрациясы жиналғанда байқалады.
Аз мөлшерде никотин бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларының Н - холинорецепторларын қоздырады, осыған байланысты адреналиннің бөлінуі күшейеді, көп мөлшерде қарама-қарсы әсер көрсетеді. Вегетативті ганглийлерге әсер ету үшін шамадан тыс мөлшерлер қолданғанда жүйке-бұлшык еттік берілуді алғашқыда жеңілдетеді, кейіннен тежейді.
Никотин ОЖЖ-не де айкын әсер көрсетеді. Бұл кезде де екі кезеңдік әсер көрсетеді: оны аз мелшерде қолданғанда- қозу, көп мөлшерде - тежелу
алады. Никотиннің бас миының қыртысына әсер етуіне байланысты субъективті жағдай да барынша өзгереді. Никотиннің тыныс алу орталығын күшті қоздырады (көп мөлшерде тежейді). Көп мөлшерде никотин тырысу шақырады.
Никотиннің антидиуретикалык қасиетін де оның орталық әсерлерімен байланыстырады (гипофиздің артқы бөлігінен антидиуретикалык гормонның бөлінуін күшейтуіне байланысты болар).
Никотиннің түрлі мүшелер мен жүйелерге әсері оның шеткі және орталық әсерлерімен байланысты.
Жүректің жиырылу жиілігі алғашқыда төмендейді (кезбе жүйкенің орталығын және интрамуралды парасимпатикалық ганглийлерді қоздырады). кейіннен күшейеді (заттың симпатикалық ганглийлерге қоздырғыш әсері және бүйрек үсті безінің милы қабатынан адреналиннің бөлінуі).
Никотии аз мөлшерде артериялық қысымды жоғарылатады. Бұл симпатикалык ганглийлер мен тамыр қозғалтқыш орталығының қозуына, адреналиннің бөлінуінін жоғарылауына және заттың тікелей тамырларды тарылтатын миотропты әсеріне байлнысты.
Никотиннің әсерінен жиі лоқсу болады (орталыктан дамыған), кұсу болуы мүмкін. Ішектің моторикасы жоғарылайды. Көп мөлшерде никотин ішектің моторикасын төмендетеді.
Сілекей және бронх бездерінің секреторлық қызметі алғашқыда жоғарылайды, кейіннен тежелу кезеңі жүреді. Никотинге баяулап бейімделу дамиды.
Никотин шырышты қабаттардан және тері бетінен жақсы сіңеді. Ағзада оның айтарлықтай бөлігі негізінен бауырда, сондай-ак бүйректе және өкпеде биотрансформацияға түседі. Никотин және оның ыдырағандағы өнімдері бүйрек арқылы алғашқы 10-15 сағатта шығады.
Никотинмен жедел уланганда гиперсаливация, лоқсу, кұсу, диарея байқалады. Брадикардия тахикардияға ауысады. Артериялық қысым жоғары, ентігу тыныс алудың тежелуіне ауысады. Қарашықтар басында тарылған,
85 кейіннеи кеңейеді. Көрудің, естудің бұзылыстары, сондай-ак тырысулар болады. Көмек көбінесе тыныс алуды қалыпты ұстауға бағытталған, өйткені өлім тыныс алу орталығының салдануынан болады. Никотиннің детоксикациясында қажетті уакытқа жасанды тыныспен камтамасыз еткен жөн.
Никотинмен созылмалы улану темекі шегумен байланысты. Бірақ, темекі түтінінде басқа да уытты заттардың бар екенін ескеру кажет. Созылмалы уланудың көріністері әр түрлі. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуы, гиперсаливация байкалады. Асқазан сөлініңқышкылдығы төмендеуі мүмкін. Тоқ ішектің моторикасы жоғарылайды.
Өзгерістердің ішінде кан айналымы жағынан артериялык қысымының жоғарылауынан және жүректің жиырылу ырғағының жылдамдауынан басқа экстрасистолия және пароксизмалды тахикардия болуы мүмкін. Никотин стенокардия ұсамаларының дамуына ықпал жасайды, кейде көруді нашарлатады. ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдері жағынан айтарлыктай өзгерістер байқалады.
Темекі шегу денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Бұл жүректін ишемиялык ауруларының, өкпе ісігінің, созылмалы бронхиттің, өкпе эмфиземаларынын және т.б. дамуына ықпал жасайды. Темекіні шамадан тыс шегетін адамдар ішінде ерте дамитын өлім және мүгедектік жоғарылап барады.
Н-холиномиметиктер ішінен дәрілік заттар ретінде тыныс алуды рефлекторлы қоздыратын лобелин және цитизии колданылады.
Лобелин- Lobelia inflataөсімдігінің кұрамында болатын алколоид. Химиялық кұрылымы бойынша үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың рецепторларына (сопақша мидың басқа да орталыктарына4! холиномиметикалык әсер көрсетіп, тыныс алуды рефлекторлы қоздырады. Алғашында қысқа уакытқа артериялық қысымды төмендетеді (кезбе жүйкенін орталыктары мен ганглийлері белсенеді), кейіннен жоғарылайды (көбінесе симпатикалық ганглийлерге және бүйрек үсті безінің милы заттарына ынталандырғыш әсер етуімен байланысты).
Тыныстың айкын қозуы ракитник (Cytisuslaburnum) жэне термопсис (Thermopsislanceolata) өсімдіктерінің кұрамындағы алколоид - цитизинді қолданғанда байқалады.
Химиялық кұрылымы бойынша цитизии екіншілік аминдерге жатады.
Н-холинорецепторларды қоздыруына байланысты негізгі әссрлерінін түрлері
лобелинге ұқсас. Жоғары концентрацияда бұл алколоидтар Н-
холинорецепторларды тежейді. 0,15% цитизин ерітіндісі ц и т и т о н деген
атпен шығарылады. .
Екі препарат та кейде тыныс алуды ынталандыру үшін (егер тыныс
86 орталығының рефлекторлы қозғыштығы сақталса) қолданылады. Көк тамырға енгізсді. Әсерлері өте қысқа мерзімді.
Сонымен қатар бұл алколоидтарды темекі шегуден айығуды женілдетін препараттардың негізгі компоненттері ретінде қолданады (цитизин -"Табекс" таблеткасында, лобелин - "Л о б е-сил"таблеткасында бар) .