Ағылшын филологиясы: Аударма ісі: ағылшын тілікафедрасы. БӨж тақырыбы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану) Қабылдаған


Қазақстандағы идеологиялық жағдайды сипаттаңыз



бет3/4
Дата29.04.2023
өлшемі52,59 Kb.
#88465
1   2   3   4
2.Қазақстандағы идеологиялық жағдайды сипаттаңыз.

Идеология, ұлттық және ұлттық мемлекеттің идеясының қалыптасуы мен институционалдануымен байланысты. Соңғы екі-үш жүзжылдықта идеологи мен ұлтшылдық бірін.бірі толықтырып, тұрақтандырады. Олардың үшінші таптың немесе буржуазияның мүдделерін көрсету үшін бір мезетте қалыптасуы кездейсоқ емес және олар алғашқы кезде мәні бойнша бір нәрсені көрсетті. ХХ ғасырда екі феномен де универсальды бейнеге еніп, құбылыстың кең спектірін айқындау үшін қолданылды. өткен жүзжылыдқта қалыптасқан «буржуазиялық ұлтшылдық», «ұлтшыл шовинизм» және т.б. түсініктер мәні бойынша, сәйкес әлеуметтік.саяси күштердің саяси.партиялық және идеологиялық бағдарламаларын негіздеуге және ақтап алуға қолданылды. Қазақстан халқы да басқа елдер сияқты өз ішінде әлеуметтік, этникалық, генеологиялық, діни және идеологиялық, тағы басқа ерекшеліктерге байланысты жіктелген, бөлшектенген қоғамға жатады. Осылардың ішінде идеологиялық ұстанымына байланысты халықтың қандай ағымдар мен топтарға бөлінетініне тоқталып өтуді жөн көрдік. Алайда, Қазақстанның жағдайын әлемдік идеологиялық ағымдардан бөлек қарастыруға тура келеді. Егер әлемде либерализм, консерватизм, марксизм, социал-демократизм сияқты идеологиялық бағыттар үстемдік құрып, бір-бірімен бәсекелес болса, тарихи даму ерекшелігіне байланысты Қазақстанда бұл ағымдардың күресі жоққа тән. Марксистік-ленинистік идеология үстемдік құрған КСРО-ның құрамында болған Қазақстан либерализм және консерватизм сияқты ағымдармен тек қана өткен ғасырдың аяғында ғана танысты. Сондықтан, Қазақстанда аталған ағымдар кең қанат жая алмады, ал, бір ғасырға жуық уақыт монополия құрып келген коммунизм идеологиясынан халықтың басым көбі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін-ақ бас тартты. Сөйтіп, елімізде жоғарыда аты аталған ағымдардың кейбір элементтерін ғана бойына сіңірген өзіндік идеологиялық топтар қалыптасты. Өзіндік идеологиялық ағымдардың қалыптасуына жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстанның тарихи даму және саяси-әлеуметтік ерекшелігі әсер етті. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап, марксистік-ленинистік идеологияның әлсіреуімен бірге пайда болған вакуумды отаршылдыққа қарсы көтерілген ұлтшылдық сезім толтыруға тырысты (бұл жерде қазақ ұлтына қатысты айтылып отыр). Біртіндеп кеңейе берген вакуумді түрікшілдер, діншілдер, славяншылдар, демократтар, либералдар болып толтыра бастады. Сөйтіп, Қазақстанда бірнеше идеологиялық ағымдар қалыптасты, бұл әлемнің көптеген елдеріне тән қалыпты құбылыс болып табылады. Өйткені, билікке күрес дәл осы идеологиялық ағымдардың арасында жүреді. Сондықтан, идеологиялық ағымдардың мемлекетте көп болуынан аса қатты қорқудың қажеті жоқ, себебі идеология:


*белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғауына мүмкіндік береді;
*пікірлес, идеялас, мүдделес адамдарды жақындастырады;
*өздерінің талаптарын саяси шешім қабылдаушылар тарапынан ескерілуіне жағдай жасайды.
Бір ғана идеология үстемдік құрған қоғамның етегінен шыққан Қазақстан халқы үшін қазіргі идеологиялық ағымдардың көптігі, олардың бір-бірімен өзара қайшылығы, теке-тіресі «хаос» сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, бұл «ашық» қоғамның көрінісі болып табылады, яғни, «тоталитарлық емес жүйеде бәсекелес бірнеше идеологиялық ағымның болуы заңды». Сол себепті, идеологиялық ағымдардың көп болуынан емес, тек олардың радикалданып, мемлекетке қарсы бағыт алып кетпеуінен сақтану керек.
Қазақстанда әлі идеологиялық ағымдар саяси партия құрып, билікке күресуші күшке айналып үлгермегендіктен, оларды қалыптасу үстінде деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан, елде нақты қандай идеологиялық ағымдардың бар екенін, халық арасында олардың үлесі қаншалықты екендігін дөп басып айту қиын. Тек, баспасөз беттерінде көтеріліп жүрген мақалалар мен әлеуметтік желілердегі пікірлерге, дискуссияларға қарап болжам ғана жасауға болады. Өз кезегінде, бұл тақырыпты абстрактілі ғана елестетіп, оны тереңірек ашуға, оқушыға түсініктірек болуға қиындық тудырады. Бұл қиындықтан құтылу үшін, елімізде бар деп алынған идеологиялық ағымдардың болмыс-бітімін, кескін-келбетін жасауға тура келді. Осы мақсатпен сызылған «ағаш» бізге тақырыпты анығырақ анықтауға, кеңірек ашуға және көз алдымызға нақтырақ елестетуге мүмкіндік береді. Мақалада, Қазақстандағы идеологиялық ағымдар осы ағаш сурет бойынша сипатталады.
Бүгін елімізде ұлтшылдық идеологияның белең алып тұрғаны ешкімге жасырын емес, сонау тоқсаныншы жылдары қатты көтерілген бұл сезім одан кейінгі жылдары басылғандай болған еді, алайда кейінгі жылдары орын алған саяси-экономикалық үдерістер оның қайтадан жандануына алып келді... Ұлтшылдықтың көтерілуі тек Қазақстанға ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне, әсіресе Еуропа мемлекеттеріне де тән құбылысқа айналып отыр. Еуропада ұлтшылдықтың (радикал ұлшылдықтың да) қайта жандануына қаржы дағдарысы тудырған проблемалар, иммиграция, діни және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қоғамда өзара түсіністіктің нашарлауы, терең ықпалдастық нәтижесінде мемлекетүсті ұйымдардың күшеюі, тағы басқа себепкер болды. Ал, Қазақстанның жағдайында ұлтшылдықтың оянуына Еуразиялық Одақ аясында жаңа қол жеткізген тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупі түрткі болғаны анық. Жалпы, отарлықтан азат болып жаңа тәуелсіздігін алған елдерде ұлтшылдықтың көтерілетіні қалыпты жағдай. Қысымда қалған ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді қалпына келтіру, этникалық дискриминациядан құтылу үшін бас көтерген мұндай ұлтшылдық, көптеген философтар мен саясаттанушылар тарапынан позитивті қабылданады. Алайда, оның екінші негативті қабылданатын түрі де бар, өз ұлтының басқа ұлттардан жоғары екенін дәлелдейтін тұжырымдар шығарып, басқа этникалық топтарды кемсітуге бағытталған «әсіреұлтшылдық» идеология – фашизмнің негізгі қозғаушысы болып саналады. Қазақстандағы ұлтшылдық бұлардың алғашқысы болып табылады, сондықтан, одан үрейленудің қажеті шамалы...

3.Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер.Шолу жасаңыз.


Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар.
Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған.
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.

  1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.

2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.
Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды.Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. “Қуалай дамумен” қатар “жарым-жартылай”, “Тығырыққа тірейтін” бейімдеушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс иен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін,ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты.Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет