Ағылшын филологиясы: Аударма ісі: ағылшын тілікафедрасы. БӨж тақырыбы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану) Қабылдаған


Ал саясаттың біздің өміріміздегі маңызы қандай?



бет2/4
Дата29.04.2023
өлшемі52,59 Kb.
#88465
1   2   3   4
Ал саясаттың біздің өміріміздегі маңызы қандай?
Жалпы мемлекет болған жерде міндетті түрде саяси билік жүзеге асатыны белгілі.Ал ол түрлі күрделі саяси процесстерді басынан кешіреді.Мысалға,Жаңа президент сайлауы,Қаңтар оқиғасы,Референдум және Жаңа Қазақстан саясаты.Сол саяси процесстер адам өміріне тікелей қатысты.Себебі,бұл процесстер адамзаттың тұрмыс-тіршілігін жақсартуы немесе керісінше әсер беруі мүмкін болды.Аталған күрделі саяси процесстердің ішіндегі ең маңыздысы менің пайымдауымша Жаңа президент сайлау саясаты.Бұл процесске мемлекетіміздің әрбір тұрғынының тікелей қатысы бар.Өйткені президент сайлауы дауыс беру жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Сайлау нәтижесі бойынша еліміздің президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған болатын.Бұл халықтың ел мүддесін ойлайтын,елдің ертеңі үшін жауапкершілік артатын тұлғаны таңдау негізінде халқымның жаңа саяси өзгерістерге дайын екенін байқадым.
Қорытындылай келе саясаттың адам өмірінде маңызды рөл атқаратына көзім жетті.Себебі адам қоғамды құраушы ал қоғам мемлекеттің басты элементті.Саясат мемлекетті тек басқарып қоймай халықтың мұқтаждығы мен қажеттілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Саясатпен бәріміз де айналысамыз. «Сен саясатпен айналыспасаң саясат сенімен айналысады» деп айтатын едік саясаттану сабағында . Яғни, өмірдің өзі, әсіресе қазіргі қоғам саясатпен айналыспауыңа қоймайды. Біздің барлық өміріміз саясаттан тұрады. Оны күнделікті өмірден анық көруге болады. Саясатқа әрқилы баға беруге болады. Саясат туралы талай данышпандар мен ғұламалар да өз пікірлерін білдірген. Олардың әрқайсысымен де келісуге болады. Тіпті, мысқалдап айтқандарына да күмән келтіре алмамыз. Төменде солай айтылған айтқыштардың афоризмдерін беріп отырмыз. Оқыңыз, мүмкін Сіздің де саяси өміріңізге немесе қызметіңізге пайдасы тиіп қалар.



Негізгі бөлім

  1. Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба?

Осы ойыңызды дәлелдеңіз.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.


Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.
1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) және «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. Атап айтсақ, Ата Заңның 5-бабында:
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардық қызметін жүктеуге жол берілмейді, – деп жазылған.
Қазақстанда қоғамдық және саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:
– 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, клубтық құрылымның дамуы);
– 1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (көпұлтты және бірұлтты партиялардың, қозғалыстардың және ұйымдардың қалыптасуы);
– 1991 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның күйреуі, тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның өсуі және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы және тіркелуі);
– 1998 жыл мен 2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің ары қарай дамуы, сайлау заңына өзгерістердің енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің пайда болуы;
– 2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты партиялық жүйе конфигурациясының өзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-қатынастарының жаңа форматы);
– 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі).
1990 жылдың басы мен орта шенінде ұйым ретінде тіркелген саяси партиялар үгіт-насихат, жақтастарын іріктеу және саяси іс-қимылдарға тарту кезеңінде болды. Орталық ұстанымдағы анағұрлым көрнекті партиялар қатарында Қазақстанның «Социалистік» партиясы, Қазақстанның «Халық Конгресі» партиясы, Қазақстанның «Халық Бірлігі» Партиясын атауға болды. Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары, қоғамдық бірлестіктері Жоғарғы Кеңестің XІІ және XІІІ шақырылымдағы сайлауларына, сонымен бірге 1990, 1994, 1995 жылдардағы Парламент мәжілісінің сайлауларына қатысып, олардың кейбірі еліміздің жоғарғы өкілдік органында депутаттық фракцияны құрады. Атап айтар болсақ, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстанның халық бірлігі партиясы, Қазақстанның халық Конгресі партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, «Лад» қозғалысы және т.б. болды.
1998 жылы басталған партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың дамуының жаңа кезеңі саяси белсенділіктің кенеттен болған дүмпуімен ерекшеленді. Бұған бірнеше факторлар ықпал еткен болатын. Бірінші – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі «Елдегі жағдайлар және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демокртияландыру, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және реформалар туралы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы. Онда демократияландырудың негізін салушы жеті элементтердің қатарында қоғамның саяси жүйесіндегі партиялардың рөлін күшейту аталды: «Саяси партиялар демократияның құрылысын қалайтын негізгі «құрылыс материалы», біз құқықтық қатынастарда да барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет, партиялар өсіп, нығаюы үшін олардың қоғамдағы орнын бекітуіміз керек», – деп тұжырымдады /1/.
Партиялық жүйенің ары қарай дамуы үшін маңызды жайт парламентте партиялардың пропорционалдық өкілдерін енгізу туралы ұсыныс болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының Парламентінің 1998 жылғы 7 қазандағы елдің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларында іске асты. Аталған түзетулерге сәйкес, Парламенттің Мәжілісінде партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар үшін қосымша он орын берілді.1999 жылы өткен Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне сайлау депутаттық мандат үшін партияаралық бәсекелестіктің алғашқы тәжірибесіне айналды. Бұл жылғы Мәжіліс сайлауына тоғыз партия қатысты. 1999 жылдың қазанында партиялық тізім бойынша дауыс беру өткізіліп, сайлау қорытындысы бойынша Парламенттің төменгі палатасы - Мәжілістен 10 орынды «Отан», Коммунистік, Аграрлық, Азаматтық партиялары жеңіп алды.
Партиялық жүйенің қалыптасуының және дамуының жаңа кезеңі біріншіден, 2002 жылы саяси партиялар туралы заңның қабылдануымен, екіншіден, 2004 жылғы парламенттік сайлауға партиялардың қатысуымен байланысты болды.
2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» жаңа Заңы қабылданды. Заңда партиялардың қызмет ету тәртібінің жаңа шарттары бекітілді: партиялардың құрылу, қызметін уақытша тоқтату және мүлде тоқтату тәртіптерін құқықтық реттеу; партияны қаржыландыру; сайлау процесіне қатысу. Заңға сәйкес, азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады /2/. Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде жеті жүз партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін кем дегенде елу мың партия мүшесі болуға тиіс.
Депутаттық мандатқа бәсекелестік үшін конфигурациясын «Саяси партиялар туралы» жаңа заң анықтаған партиялық жүйе форматын құраған 12 саяси партия қосылды. Партиялар тіркеуден өткенде қатарында кемінде 50 мың адам болуының қажеттігі туралы заң нормаларының қолданысқа енуі, барлық партиялардың тіркеуден өте алмауына әкелді. Атап айтсақ, оппозициялық партиялар Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы, «Азамат» демократиялық партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, сондай-ақ «Қайта өрлеу», «Ел Дана», «Соотечественник» және т.б. қайта тіркеуден өте алмады.
2004 жылы парламенттік сайлауда саяси одақтардың стратегиясы алғаш рет заңды түрде жүзеге асты. Партиялық негізде сайлауалды блоктарды құру 2004 жылы сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізілгенде заңдастырылды. Атап айтсақ, мұндай блок Орталық сайлау комиссиясында тіркелуі қажет болды, бір партия тек бір блок құрамында ғана бола алды, сайлау процесінде блок өзге саяси партиялар сияқты құқықтық иемденді.
Төрт партия сайлауға белсене қатысқан екі блокқа бірікті: Аграрлық және Азаматтық партиялары АИСТ (еңбеккерлердің аграрлы-индустриалды одағы) блогына, ал Қазақстанның Коммунистік партиясы мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясы – «Коммунистердің және ДВК оппозициялық халықтық одағына» бірікті.
Партиялық тізім бойынша сайлау қорытындысы: Отан – сайлаушылардың 60,61% (парламенттегі 10 орынның жетеуі); Ақ жол – 12,04 % (1 орын); Асар – 11,38 % (1 орын); АИСТ блогы – 7,07 % (1 орын).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет