Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі



бет6/10
Дата21.09.2023
өлшемі189,5 Kb.
#109650
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Dialogue: Танысу (b)
Excuse me. Is your name Fred Thomas? (Кешіріңіз, сіздің есіміңіз Фред Томас па?)
No, I’m sorry, It is Jake Baker. (Жоқ, кешіріңіз. Есімім — Джейк Бейкер)
I’m sorry. (Кешіріңіз)
Excuse me. Are you Fred Thomas? (Кешіріңіз, сіз Фред Томассыз ба?)
Yes, I’am. (Ия, (Фред Томаспын))
Oh, hello! My name is Alice Watson. (Оу, сәлем! Менің есімім Алис Уотсон)
Oh, yes. How do you do? (Оу, иә. Сәлем!)
How do you do? (Сәлем!)

Ago (эгоу) көмекші сөзі


Ағылшын тіліндегі ago көмекші сөзі уақытқа байланысты сөйлемдерде қолданылады (Дәл қазіргі сәттен бұрын болған іс-әрекеттерге байланысты қолданылады). Қазақ тіліндегі мағынасы – (осыдан) бұрын, алдын. Мысалы:
I saw your brother a few days ago | Мен сенің ағаңды бірнеше күн бұрын көрдім.
Five years ago I could not speak English | Бес жыл алдын мен ағылшынша сөйлей алмайтын едім.
Hassan left ten minutes ago | Хасан (осыдан) он минут бұрын (немесе алдын) кетті.
How long ago did it happen? | (Ол) қанша уақыт бұрын болды?
Ескерту!
Ago көмекші сөзін қолданған кезде ол сөйлемдегі етістік өткен шақтардың бірінде болуы тиіс. Мысалы: saw, could not, left.
Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)
Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.
Who (ху) және whom (хум)
Who есімдігі – қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:
Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?
Who is that girl? – Анау қыз кім?
Whom есімдігі – қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:
Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?
To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесе Who did you tell it to? | Who did you tell about it?)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет