Ағылшын тілінде «to be (болу)» деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей «отыру», «тұру» дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде «to be» етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арлылы білдіріледі. Мысалы: I am a student — Мен — студентпін.Жоғарыдағы мысалға қарап, ағылшын тіліндегі to be етістігінің am деген түрін қазақша -мын, -мін, -пын, -піндеген сияқты жалғаулармен түсіріндіруге болатын сияқты. Бірақ әрқашан да солай екен деген түсінік қалыптаспасын. Кей кездері ешқандай аудармасы да баламасы да болмайды. Мысалы: Aman is here — Аман осында (жүр). Мұнда алдыңғы мысалдағыдай -мын, -мін, -пын, -пін (жіктік жалғаулар )деген жалғаулар жоқ. Осыған қарап, бұл тақырыпты ағылшын тілінің ерекше табиғаты ретінде қабылдау керек сияқты. Бұл сабақты орыс тілінде түсіндіру де ешқандай дәлдікпен іске аспайды. Қазақшасына ұқсас. Мысалы: I am a student — Я — студент. Немесе Я есть студент.
to be түріндегі етістік негізгі (оригинал) етістік болып саналады. Бірінші тұрған to деген қазақ тіліндегі етістіктердің соңындағы -у әрпіне ұқсас қызмет атқарады. to be етістігі әр жақта (I жақ, II жақ, III жақ) әр түрлі болып жазылады және көпше түрінде де басқаша жазылады. Тағы бір ескертетіні, кестедегі түрленулер тек осы шақтағы to be етістігі. Ал өткен шақтағы to be етістігі алдағы уақыттарда қарастырылады.
Was/were — Past Tense of the verb «to be» Was [уоз], were [уэ, уөр] — to be етістігінің өткен шақтағы түрлері. Was жекеше түрде (I, III жақтар), ал were көпше түрде және жекеше түрдегі II жақта (сен, сіз) қолданылады. Мысалы:
Was I was a student — Мен студент болдым.
Yuri Gagarin was the first cosmonaut — Юрий Гагарин ең бірінші ғарышкер болды.
It was very cold yesterday — Кеше (күн) қатты суық болды.
Were We were young doctors — Біз жас дәрігерлер болдық.
Where were you born? — Сіз қайда туылдыңыз?
Сұраулы сөйлем: Where was Jack yesterday? Болымсыз сөйлем: He was not (wasn’t) a teacher