Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі


Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері



бет9/10
Дата21.09.2023
өлшемі189,5 Kb.
#109650
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ағылшын тілі грамматикасы

Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері
Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun)
Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігі: кімге? неге?; табыс септігі: кімді? нені?
Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сәбиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді.
Мысалдар:
She is my sister — Ол — менің әпкем (қарындасым).
You are my best friend — Сен менің жақын (жақсы) досымсың.
They can not swim — Олар жүзе алмайды.
I lend him my car — Мен оған машинамды (уақытша пайдалануға) бердім.
Let us (let’s) go! — Қанекей, жүрейік!
We have not seen them — Біз оларды көрмедік.
He told us about new cars — Ол бізге жаңа машиналар жайлы айтып берді.
Arman tried to break it — … Арман оны (шөлмекті, ыдысты) сындыруға тырысты.
It is I = It is me (ауызекі тілде) — Бұл — мен.
«It is I» = «It is me» екеуінің мағыналары бір, бірақ екеуінің екі түрлі жазылуы — ескеретін жағдай. Бұл жайлы алдағы уақытта арнайы тақырыпта жазамын.
. . . . . . . . . . . .
Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun)
Әрбір жіктеу есімдігінің тәуелденген түрі (формасы) бар. Олар өз алдына «Тәуелдеу есімдіктерін» құрайды. Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет