Ағылшын тілі пән мұғалімі Нұржауова Гүлмира Байқонысқызының бір жылғы жұмыс сараптамасы 2016 – 2017 оқу жылы


Жекелеген оқушылармен атқарылған жұмыс түрлері



бет7/8
Дата10.06.2022
өлшемі138,86 Kb.
#36658
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Жекелеген оқушылармен атқарылған жұмыс түрлері
Ағылшын тілін оқып үйрену қабілеті, зейіні төмен балалар үшін өте қиын деп ойлаймын.Себебі өз ана тіліндегі сабақтарды меңгере алмаған бала шет тілін қайтып меңгерсін. Жоғарыда атап көрсеткенімдей әр сыныпта осындай оқушылар бар. Үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс жоспарым бар. Бірақ сынып бойынша бөлінбеген. Дегенмен де бұл оқушылармен сабақтан кейінгі уақытта, яғни 4-ші немесе 5-ші сабақтан кейін қосымша сабақтар өткізіп, үй тапсырмаларын орындатып , түсінбеген тақырыптарды қайталадық. Сондай-ақ 5-ші сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларға осы сыныптағы жақсы оқитын оқушыларды бөліп қойдым. Мақсаты сабақ кезінде де, сабақтан тыс уақытта да сол балаларға көмектесу.
Сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер
Негізі бастауыш сыныптарға сабақ бергендіктен сабақтарымда көбінесе ойын технологиясын қолданамын. Өйткені балалар жаңа сабақты ойын арқылы тез меңгереді. Сондай-ақ «Ой қозғау»,«Диалог»,«Топтастыру»,«АВС сұхбаты»,«Конвертті сұрақ»,«Пазл», «Фасольды қапшық», «Сазды қалпақ»,«Саймон айтты», «Венн диаграммасы»,«Миға шабуыл» сияқты әдіс-тәсілдерді де қолданамын.
Күнделікті сабақтарымды АКТ-ны және инновациялық оқыту технологияларын қолдана отырып өткіземін. Әдетте сыныпты екі топқа бөлемін. Тек қана оқулық көлемінде шектеліп қоймай,сабағымда қосымша интернет материалдарын пайдаланамын. Әсіресе 1-ші сыныптарға.Себебі осы үшінші тоқсанда бізге берілген «Smiles» оқулығында бағдарлама бойынша берілген тақырыптар болмады. Сондай-ақ бастауыш сыныптардағы сабақтарыма тақырыптық суреттер мен сөз жұмбақтарды пайдаланамын. Жоғары сыныптарда грамматикалық кестелер мен сызбаларды қолданамын.


Жеткен жетістіктерім
2016-2017 оқу жылында үш ашық сабақ, бір сыныптан тыс шара өткіздім. 13 қазан күнгі әдістемелік күнде 9Ә сыныбымен «Past Perfect Passive» тақырыбында ашық сабақ өттім, сабағым «жақсы» деп бағаланды.
1-5 наурыз аралығында өтілген шет тілі пән бірлестігінің апталығында 1А сыныбымен жаңартылған бағдарлама бойынша «Practice lesson» тақырыбында ашық сабақ және 2А-2Ә сыныптарымен сыныптан тыс жарыс сабақ өткіздім. Сабақтарым өте жоғары деңгейде өтіліп, «өте жақсы» деп бағаланды.
22 сәуірде мектебімізде «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ұйымдастырған фестивальге оқушым Қонай Аружан «National traditions of the Kazakh people» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталса, жетекшілік ретінде өзіме Алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ, осы Бірлестіктің «Лидер образования» медалімен және Дипломымен марапатталдым.
17-ші мамыр күні мектебімізде өткен «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» атты облыстық әдістемелік семинарда ашық сабақ көрсетіп, «Ұлағатты ұстаз» республикалық ғылыми-білім интернет порталының дипломымен марапатталдым.
«Өрлеу» БАҰО «Жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімді жолдары» атты оқу-әдістемелік құралында «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» тақырыбында мақалам жарыққа шықты. Сондай-ақ, баспаға «Тарихи тұлға – О.Жандосов» атты ашық тәрбие сағатымның жоспарын беріп қойдым, алдағы уақытта жарыққа шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет