Агата Кристи
Жұмбақ Əзіл
(əңгіме)
Джейн Хелиер таныстыруын аяқтай келіп: «Ал мына кісі... Мисс
Марпл болады !» — деді.
Актрисаның аты актриса емес пе, ол көкейіндегісін көздеген жеріне
тигізіп, сөзінің соңын көтеріңкі, салтанатты дауыспен аяқтады.
Шындығында үнінде толқу мен салтанатты шаттық бар еді.
Ө
кінішке орай, соншама жар салып, ауыз толтыра мақтағаны нəзік
келген қарапайым, жасы егде тартқан кəрі қыз болып шықты.
Джейн арқылы əлгінде ғана жаңағы əйелмен танысқан қыз бен
жігіттің көздерінен көңілдері толмаған қомсыну мен толқу сезіледі.
Екеуі де келбетті. Қыз, Чармиан Страунд, қараторының мүсіндісі де,
жігіті, Эдвард Росситер, ақ сары шашты, жылы шырайлы еңгезердей
жас екен.
Чармиан
ентігін
баса
алмай:
«Сізбен
танысқаныма
ө
те
қ
уаныштымын», — деді. Бірақ көзінен күдік байқалады. Ол Джейн
Хелиерге мұның қалай дегендей бір қарай қойды.
— Қымбаттым-ау, — деді Джейн əлгіге жауап ретінде, — бұл өте
тамаша кісі, бəрін сол кісіге сеніп тапсыp. Осы жерге алып келемін деп
едім ғой саған, айтқанымды орындадым. Енді ол Мисс Марплға
бұрылып: «Бұлардың. шаруасын реттейсіз, оны білемін. Бұл сізге түкке
де тұрмайды», — деді.
Мисс Марпл жайдары көкшіл көзін Росситерге қадап: «Қандай
шаруа еді? Құлағым сізде», — деді.
— Джейн біздің досымыз, — деп Чармиан шыдамсыздана əңгімеге
кірісіп кетті. — Эдвард екеуміз тұйыққа тіреліп қалдық. Джейн
«қонаққа келсеңдер бір кісімен таныстырамын, ол кісі... былай... деген
соң...»
Эдвард оған көмекке келіп «Джейн бізге сізден асқан детектив жоқ
деген, Мисс Марпл!» — деді.
Қ
арт əйелдің көзі жыпылықтап, ұялғанынан: «Жо ,. жоқ, ол не
дегеніңіз! Өмір бойы селода тұратындықтан адам жанын терең
түсінетініміз рас. Дегенмен, сіздер мені қатты қызықтырып
отырсыздар. Шаруаларыңызды айта беріңіздер», — деді.
— Өзі бір жауыр болған əңгіме, тығулы қазына десе де болады, —
деді Эдвард.
— Солай ма еді? Ендеше қызық нəрсе екен!
— Білемін, əлгі көпке белгілі қазына аралы сияқты. Бірақ біздің
хикаямыз
қ
ызықтан
жұрдай.
Мұнда
бастың
қ
аңқасы
мен
айқастырылған жіліктердің бейнесімен белгіленген карта да, солға
қ
арай төрт қадам, солтүстік батысқа қарай... сияқты бағыт сілтейтін
белгілер де жоқ. Масқара болғанда қай жерді қазарыңды да білмейсің.
— Дегенмен қазып кердіңіздер ме?
— Екі акрдай
1
тың жерді қопарып тастадық. Бұған: тіпті бау-бақша
отырғызса да дап-дайын тұр. Асқабақ егеміз бе, əлде картоп егеміз бе,
соны ойластырып жатқан жайымыз бар. Чармиан төтесінен килігіп:
«Сізге түгелдей баяндап берсек қайтеді осы?» — деді.
— Əрине, қалқам, солай еткенің жөн болады.
— Онда бір тыныштау жерге барайық. Кеттік, Эдвард,— деп, қыз
түтінге толы бөлмеден шығып, оларды соңына ертіп, баспалдақпен
жоғары көтеріліп, екінші қабаттағы бір кішірек бөлмеге алып келді.
Бəрі жайғасқан соң Чармиан бірден: «Сонымен, əңгіме былай! Мəселе
Мэтью нағашымыздан басталды. Ол, шындап келгенде, екеумізге де
шөбере нағашы болып келеді. Өзі əбден қартайып біткен болатын.
Оның Эдвард екеумізден бөтен туысы да жоқ. Бізді өте жақсы көретін.
«Өле кетсем, бар ақшамды екеуіңе қалдырамын» дегенді əрдайым
айтып жүретін. Сонымен, ол өткен март айында қайтыс болды да,
жиған-тергенін Эдвард екеуміздің еншімізге тастап кетті. Шынында да
біз оны өте жақсы көретінбіз. Өзі көптен науқас болатын.
— Мəселенің тоқ етері сол, нағашымыз бізге көк тиын да
қ
алдырмапты. Ашығын айтсақ, бұл біз үшін үлкен соққы болып отыр,
солай ғой, Эдвард? Жылы жүзді Эдвард құптап: «Əжептəуір үміттеніп
жүрген болатынбыз,— деді.— Айтайын дегенім көп ақшаның жуырда
ө
з-өзінен келетінін білсең, құр босқа тер төкпейсің ғой. Мен болсам
ə
скерде жүрмін. Жалақымнан бөтен көк тиыным жоқ. Ал Чармиан
болса, театрда режиссер болып істейді. Жұмысы қызық, өзіне ұнайды,
бірақ ақшасы аз. Үйленеміз деген де үмітіміз бар, бірақ ақша мəселесін
ойлаған емеспіз. Себебі екеуміз де бір күні байып шыға келеміз деген
сенімде болатынбыз.
— Міне, енді олай болып шықпағанын көзіңіз көріп отыр ғой!— деді
Чармиан.
— Ол ол ма. Энстейзді — ата-бабамыздың жерін, Эдвард екеуміз өте
жақсы көреміз. Енді міне соны сатып жіберуге тура келетін шығар.
Екеуміз де мұндай сұмдыққа төзе алмайтынымызды іштей сеземіз!
Нағашымыздың ақшасын таба алмасақ, басқа амал бар ма, сатып
жіберуге мəжбүр боламыз.
Эдвард сөз алып: «Чармиан, біз əлі мəселенің түйінін айтпадық қой»,
— деді.
— Олай болса сен айт.
Эдвард Мисс Марплға бұрылып: «Бұл былай болған. Нағашы атамыз,
қ
артайған сайын ешкімге сенбейтін күдікшіл боп кетті.
— Онысы ақыл болған,— деді Мисс Марпл.— Адам бойындағы
кемшілікке сан жетпейді ғой.
— Сіздікі дұрыс та шығар. Қалай дегенмен Мэтью қарт солай
ойлайтын. Оның бір досы банкіге салған ақшасынан айырылып қалған,
екіншісін адвокаты алдап соққан. Өзінің де аузын аңқитып кеткен бір
алаяқтар. Аузы күйген үріп ішеді дегендей, ол кісі енді ақшаны
алтынға айналдырып, көміп тастағаннан дұрысы жоқ деген шешімге
келген.
— Е-е,— деді Мисс Марпл,— енді түсіне бастадым.
— Солай. Достары одан еш пайда түспейді дегенді талай айтыпты,
бірақ ол айтқанынан қайтпай қойған. «Бар ақшаңды жəшікке сап
төсектің астына тық, иə болмаса бақтың ішіне көміп таста». О кісі ылғи
осыны айтатын.
Чармиан іліп алып: «Сонша бай болса да, ақша болар артында көп
ештеме қалдырмапты. Соған қарағанда көміп тастауы да ықтимал»,—
деді.
Эдвард өзінше түсіндірді: «Біз оның анда-санда мол дүние сатып,
көп ақша жасағанын білеміз. Бірақ оны қайда жібергенін ешкім де айта
алмайды. Ендеше, ойындағысын іске асырып, алтын сатып алып, көміп
тастауы мүмкін ғой»,— деді.
— Қайтыс болардан бұрын ештеме демеді ме? Хат, қағаз
қ
алдырмады ма?
— Қорлықтың үлкені сонда болып тұрған жоқ па. Ештеңе де
қ
алдырған жоқ. Біраз күн бойы ес-түссіз жатты бірақ өлерінің алдында
ө
зіне-өзі қайта келді. Екеумізге қарап мырс етіп күлді. Онысы əлсіз,
болар-болмас қана жымиыс болатын. Сосын ол: «Бəрі де дұрыс болады,
менің əдемі қос көгершіндерім»,— деді. Ол көзін... ...оң көзін
жыпылықтатып бір қысты да, ендігі сəтте жүріп кетті. Бишара қарт
Мэтью.
— Ол көзін жыпылықтатты,— деді Мисс Марпл ойланып.
— Сіз ешнəрсе ұқтыңыз ба? Бұл маған Арсен Люпенді
2
, бір адамның
ə
йнектен істелген жасанды көзіне əлде бір затты жасырып қоятыны
жайлы əңгімесін есіме түсірді. Бірақ нағашымның көзі жасанды емес
еді.
Мисс Марпл басын шайқап: «Жоқ, дəл қазір ештеңе де айта
алмаймын»,— деді.
Чармианның көңілі толмай: «Джейн сізді қай жерді қазу керек
екенін бірден айтады деп сендіріп еді»,— деді.
Мисс
Марпл
жымиып:
«Мен
сиқыр
емеспін
ғ
ой.
Сіздің
нағашыңыздың кім екенін, қандай адам екенін қайдан білейін. Тіпті
оның үйін де, жерін де көрген емеспін»,— деді.
— Егер бұрын көрген-білген болсаңыз ше?—деді Чармиан.
— Онда, шынында да бəрі оп-оңай болар еді, солай емес пе?— деді
Мисс Марпл.
— Оп-оңай!—деді Чармиан,— Олай болса Энстейзге жүріңіз, көріңіз
оңай болса!
Қ
ыз оны бірден жүре қояды деп ойламаған болар, бірақ Мисс Марпл
жылдам сөйлеп: «Рахмет, қалқам, əлбетте барамын. Шынымды айтсам,
тығулы қазынаны іздеудің сəті түспей жүр еді. Оның үстіне,— деді ол
жастарға қарап жымиып қойып,— бұл өзі махаббатпен де байланысты
шаруа екен!».
— Көрдіңіз ғой!— деді Чармиан қолын ренжи сілтеп.
Олар жаңа ғана Энстейздің бұрыш-бұрышын қалдырмай, түгел
аралап қайтқан болатын. Бастан-аяқ қазып тастаған бақшаны да,
бақтағы айналасы қопарылып қалған ағаштарды да, шұрқ-тесік боп
қ
алған бір кездегі теп-тегіс көгалды да, үйдің шатырындағы астан-
кестені шыққан ескі сандықтар мен жəшіктерді де, төмендегі
подвалдың еденіне төселген əрбір плитаның астын да, қабырғалардың
қ
уыс жерін де түгендеп тінтіп шыққан. Олар Мисс Марплға тартпалары
немесе жасырын қуысы болуы мүмкін-ау деген ескі мебельдің бірін
қ
алдырмай көрсеткен болатын.
Таңертеңгі ас ішетін бөлмедегі стол үстінде бір үйме қағаз жатқан.
Оның бəрі де марқұм Мэтью Страундтан қалған документтер еді.
Біреуін де бүлдірмей Чармиан мен Эдвард оларға қайта-қайта үңіліп,
жұмбақтың кілті табылып қалар деген мақсатпен арасынан жалықпай
есеп қағаздарын, шақыру билеттерін, қызмет бабымен жазылған
хаттарды іздеді.
— Біз тінтімеген тағы не қалды деп ойлайсыз?— деді Чармиан əлі
де үмітін үзбей.
Мисс Марпл басын шайқап: «Меніңше, қалқам, ештеңені де ұмыт
қ
алдырмаған сияқтысың. Тіпті маған салсаң тым артықтау кеткенсің
дер едім. Кімнің де болсын өзінше жоспары болғаны дұрыс. Досым
Эльдрич сияқты. Оның сондай бір жақсы қызметші қызы бар-тын.
Линолеумдерді айнадай етіп тазалайтын. Артық етем деп тыртық
етеді демекші, бірде ол ванна бөлмесінің еденін тым артық ысқылап
жіберсе керек. Эльдрич ханым ваннадан аттап шыға бергенде аяғының
астындағы резина төсеуіш жылжып кетіп, оңбай құлап, аяғын
сындырып алған. Масқара болды, өйткені ванна бөлмесінің есігі
кілттеулі болғандықтан бағбан жігіт ішіне саты ағашпен терезеден
түсуге мəжбүр болған. Эльдрич ханым тым ұялшақ адам еді, жерге
кіріп кете жаздапты»,— деді.
Эдвард шыдамы таусылып, қипалақтап кетті.
Мисс Марпл оны сезе қойып: «Кешіре көріңдер мені, бірін айтып,
біріне кететінім бар осылай. Бірақ бірін айтсаң екіншісі еске түседі де.
Кейде ондайдың пайдасы да тиеді. Менің бар айтайын дегенім, жан-
жақты ойланып көрейікші, ештеме қалып қойған жоқ па?»,— деді.
Эдвардтың мазасы кетіп: «Сіз ойланыңыз, Мисс Марпл. Чармиан
екеуміздің миымызда қазір дым да жоқ!» деді.
— Қойдым, қойдым. Əрине, сендер əбден титықтадыңдар. Егер
қ
арсы болмасаңдар мен мына қағаздарды бір қарап шығайын,— деді
ол, столда жатқан қағаздарды көрсетіп.— Онда да егер құпия болмаса
ғ
ана, əйтпесе біреудің ісіне қол сұққандай болып жүрмейін.
— Еркіңіз білсін. Бірақ сіз одан ешнəрсе таба алмайсыз-ау деп
қ
орқамын.
Ол столға жақын отырып, документтерді іскерлікпен зер сала қарап
шықты. Əрбір қағазды қараған сайын оны ыңғайына қарай саралап,
тəптіштеп, жеке-жеке топтап қойды. Бəрін қарап болған соң, біраз
уақыт алдына қараған күйі отырып қалды.
Эдвард кекете сөйлеп: «Иə, Мисс Марпл, сонымен не айтасыз?» —
деді.
Мисс Марпл селк етіп, өзіне өзі келді де: «Кешіріңіз, бұның пайдасы
тиеді»,— деді.
— Іске татыр бірдеме таптыңыз ба?
— Жоқ, ондай ешнəрсе байқамадым, бірақ есесіне нағашы
атаңыздың қандай адам екенін білдім. Менің нағашым Генриден
айнымайды екен. Қалжыңбас. Салт басты бойдақ болса керек, бірақ
неге бұлай етті екен, əлде көңілі қалып ерте түңілгені ме? Белгілі бір
дəрежеге дейін ғана болмаса басыбайлылықты онша жаны сүймейді.
Бойдақ біткеннің көбі солай!
Мисс Марплдың арт жағынан келіп, Чармиан Эдвардқа ымдап белгі
берді. Онысы «мынау алжыған кемпір шығар» дегені еді.
Мисс Марпл марқұм Генри нағашысы жөніндегі əңгімесін
рахаттанып айта бастады.
— Бұралқы сөзге əуес еді ол. Көп адам ондайды ұнатпайды. Тіпті
жай ғана бұра сөйлегеннің өзі шамына тиюі мүмкін ғой. Онымен қоса
ө
зі сондай күдікшіл болатын. Қызметшілерінің бəрін де ұры санайтын.
Кейде ондайлары да болды, ішінара. Бірақ бишара ешкімге сенбей-ақ
кетті ғой. Өмірінің соңғы шағында қызметшілерінен тамағыма бірдеме
қ
осып беріп жүр деп күдіктенді. Қауіптенгені сонша, піскен
жұмыртқадан басқа нəр татпайтынды шығарды. Ондағысы — қабығын
бұзып жұмыртқаны ешкім де бүлдіре алмайды дегені. Қайран
нағашым-ай, кезінде одан көңілді адам болмаушы еді. Түскі астан
кейін кофе ішкенді қалай ұнатушы еді. «Мына кофе нағыз
Мавританиянікі ғой»,— дейтін ұнатып, тағы да ішкісі келсе.
Мисс Марплдың Генри нағашысы туралы енді бір-екі ауыз сөз естісе,
Эдвард жынданып кететіндей сезінді.
— Жастарды да жақсы көретін,— деді Мисс Марпл сөзін одан ары
жалғастырып,— олармен ептеп əзілдегенді, ойнағанды тəуір көретін.
Менің нені айтып отырғанымды түсінетін боларсыз. Мəселен, конфет
салған қораптарды, балалардың қолы жетпейтін жерге əдейі қоятын.
Чармиан аңғалдықпен: «Өзі бір құбыжық адам екен ғой»,— деді.
— Жоқ, о не дегеніңіз, жаным, балалардың не екенін біле бермейтін,
сүр бойдақ болатын. Түк білмейтін топас та емес-тін. Ол үйінде сейф
ұ
стап, бар ақшасын сонда сақтайтын. Сейфті қызғыштай қорғайтын.
Көп сөйлеуші еді, тілінен тапты ғой деймін, бір түні ұрылар түсіп
сейфін бұзып кетті.
— Сауап болған екен,— деді Эдвард.
— Сөйтсе, сейфке ол көк тиын да салмапты,— деді Мисс Марпл.—
Көрдіңіз бе, ақшасын ол басқа жерде ұстаған, мəселен, кітапханадағы
діни кітаптардың ар жағына тығып қойған. Ондай кітаптарға ешкімнің
де тимейтіндігін айтқан еді бір кезде.
Эдвард шыдамсыздана сөзге араласып: «Мына сөздің жаны бар.
Кітапхананы қарап шықсақ қайтеді?» — деді.
***
Бірақ, Чармиан жақтырмай басын шайқап: «Мен оны ойламады ғой
дейсің бе? Өткен бейсенбіде өзің Портсмутке кеткенде кітаптардың
бірін де қалдырмай қарап шыққам. Онда дым да жоқ.
Эдвард күрсінді. Сосын ол орнынан тұрып, өздерін мезі қылған
қ
онақтан ренжітпей тезірек құтылғысы кеп: «Бізге қол ұшын
бергеніңізге дəн ризамыз. Босқа əуре еткенімізге кешірім сұраймыз.
Соншама уақытыңызды босқа алғанымызды сезіп тұрмын. Əйткенмен
де, мен қазір машинамды алып шығайын, сіз үш жарымдағы поезға
ү
лгересіз,— деді.
— Мұныңызға жол болсын,— деді Мисс Марпл,— бірақ біз əлгі
ақшаны табуымыз керек қой, жоқ əлде керегі жоқ па? «Шешінген судан
тайынбас» дегендей, Росситер мырза, енді бас тартуға болмайды.
Бірден жол болмаса, тағы да... екінші рет, үшінші рет... бақты сынап
көру керек.
— Сіз немене, əлі де жалғастырмақ ойыңыз бар ма?
— Дəлірек айтсам,— деді Мисс Марпл,— мен əлі бастаған да
жоқпын.
«Алдымен қоянды ұста, қуыруы қашпас» дейді өзінің аспаз
кітабында Биитон ханым. Осы бір тамаша, бірақ əкесінің құнын
сұрайтын қымбат кітапта рецептердің көпшілігі: «Бір кварта
3
қ
аймақ
пен он шақты жұмыртқаны.— деп басталады.— Айтпақшы не айтып
отыр едім жаңа? Иə, иə, сонымен, біз қоянымызды ұстап алдық қой! Ол
— əрине, сіздің нағашыңыз Мэтью. Ендігі мəселе, ақшаны ол қайда
тығуы мүмкін, соны шешу керек. Бұл оңай болуға тиісті.
— Оңай дейсіз бе?— деді Чармиан.
— Əрине, қалқам. Ендігісі белгілі. Ол — жасырын тартпа, менің
шешімім осы.
Эдвард онда сеніңкіремей: «Сіз, мəселен, кесек-кесек алтынды
жасырын тартпаға сақтамаған болар едіңіз»,— деді.
— Жоқ, əрине. Бірақ ақша алтын күйінде деуге ешбір дəлел жоқ қой.
— Ол ылғи да солай деп жүрді ғой...
— Менің Генри нағашым да сейф жөнінде осылай жар салып
жүретін! Бұның жай ғана бет перде екеніне күмəнім жоқ.
Бриллианттарды осы кезде жасырын тартпаға оп-оңай тығып тастауға
болады.
— Бірақ біз ондай тартпалардың бəрін де қарап шықтық қой.
Мебельдерді тексеріп шығу үшін ағаш ұстасын да шақыртқанбыз.
— Солай ма, қалқам? Олардың ақыл болған. Бəрінен бұрын
нағашыңның жазу столын тексеріп шығу керек дер едім. Ол ана
қ
абырғаға тақау тұрған биік стол ғой?
— Иə. Мен оны сізге көрсетейін. Чармиан столдың қасына барып,
шалқалап ашылатын есігін төмен түсіріп еді, ар жағынан қағаз салатын
ү
лкенді-кішілі тартпалар көрінді. Ортасындағы кішкентай есікшені
ашып, сол жақтағы тартпаның ішкі жағындағы бір серіппені түртіп
қ
алып еді, ортаңғы тартпаның түбі жылжып ілгері шықты. Чармиан
ə
лгіні бері қарай тартқанда, астыңғы жағынан шағын қуыс көрінді. Іші
бос екен.
— Ұқсастығын қарай гөp,— деп Мисс Марпл дауыстап жіберді.
Генри нағашымның да жазу столы дəл осындай болатын. Тек ол
кісінікі жаңғақ ағашынан істелген болса, мынау қызыл ағаштан
жасалыпты.
— Қалай дегенмен де,— деді Чармиан,— мұнда ештеңе де жоқ
екенін көріп тұрсыз ғой.
— Байқауымша,— деді Мисс Марпл,— əлгі ағаш ұсталарыңыз жас
адам болса керек. Ол бəрін біле бермейді. Бұрынғы кезде жасырын
қ
уыс жасайтындар өте шебер болған. Бір қуыстың ішінен жəне бір қуыс
пайда бола қалады кейде.
Артына түйген бурыл шашынан Мисс Марпл бір түйреуішті суырып
алды да, оны жазып түзетті. Бір ұшын əлгі қуыстың екінші жағындағы
кішкентай тесікке тығып, титімдей ғана бір тартпаны суырып
шығарды. Оның ішінен бір бума ескі хаттар мен бүктелген қағазды
ашып көрді де, жеркенішпен: «Тамақтың рецепті. Қақталған ет!» деп
жерге тастай салды.
Чармиан хаттарды буған лентаны шешіп, біреуін алды да:
«Махаббат хаттары» ғой!» — деді.
Мисс Марплдың да шыдамы кетіп, ынтығып: «Қандай қызық
десеңші! Нағашыңның неге үйленбегенінің сыры осында болар»,—
деді.
Чармиан дауыстап оқи бастады:
«Аса қадірлі Мэтью, шынымды айтсам, соңғы хатыңды алғаннан
бері талай уақыт еткен сияқты. Өзіме тапсырылған əр түрлі
міндеттерді орындап, бар уақытты сонымен өткізуге тырысып жатқан
жайым бар. Жер шарын шарлап, көп жерді көзбен көргеніме
бақыттымын. Америкаға барғанда осындай қиыр шеттегі аралдарға
кетіп қалам деген үш ұйықтасам түсіме де кірмеп еді!
Чармиан тоқтап: «Бұл хат қай жерден? О... Гавай аралдарынан ғой!
Сосын ол хатты ары қарай оқи бастады: «Өкінішке орай, мұндағы
жергілікті халық əлі тас дəуірінде. Жабайы қалпында үстерінде
лыпасы жоқ, тырдай жалаңаш, көп уақыттарын шомылумен, билеумен
ө
ткізеді. Өздерін гүл тізбектерімен əшекейлегенді ұнатады. Грей
мырза олардың біразын біздің дінге шоқындырды, бірақ бұл
маңдымайтын қиын жұмыс екен. Содан да болар, Грей ханым екеуінің
ұ
нжұрғасы түсіп жүр. Қолдан келгенше оларды жігерлендіріп қоямын,
бірақ өзің де сезесің ғой, қадірлі Мэтью, менің де шекем қызып жүрген
жоқ. Құрып кетсін, сүйгеніңмен көріспеу нағыз барып тұрған тозақ
екен. Əлі де сүйетіндігіңді білдіріп, ант еткен хатыңды алып қатты
қ
уанып қалдым. Қазір де, алда да тек сендікпін, қымбатты Мэтью.
Ө
зіңді шын сүйетін махаббатың,
Бэтти Мартин».
«Р. S. Хатымды қос конвертке салып, əдеттегіше, екеуміздің ортақ
досымыз Матильда Грейвзге жолдап отырмын. Құдайдың өзі кешірер
мұндай күнəні».
Эдуард ысқырып: «Əйел миссионер де! Мэтью нағашымыздың
махаббаты осы болды ғой. Бұлар сонда неге үйленбеген?» — деді.
— Қалыңдығы дүниені шарлап кеткенге ұқсайды ғой,— деді
Чармиан, хаттарға көз жүгіртіп жатып.— Мавритиус
4
тағысын тағы да.
Сары безгектен, иə болмаса басқа бірдемеден ажалын тапқан болар.
Сықылықтаған күлкіні естіп олар селк ете қалды. Мисс Марпл мəз
екенін сездіріп: «Иə, иə,— бəлесін қарай гөр өзінің!» — деді.
Мисс Марпл қақталған еттің рецептін оқып отырған. Аналардың
сұқтана қарағанын байқап, дауыстап оқи бастады.
«Шпинат»
5
қ
осып қақтаған ет. Сан еттің үлкен бір кесегін алып,
қ
ытай пиязымен араластырыңыз. Бетіне қоңыр қант себіңіз. Отын
бəсеңдеу етіп, пешке қақтап пісіріңіз. Шпинаттан тұздық жасаңыз».
— Бұл туралы қандай ойыңыз бар?
— Менімше, оңып тұрған ештеңе де жоқ,— деді Эдвард.
— Жо, жоқ, шынында да бұл тəуір нəрсе, бірақ жалпы қандай
ойыңыз бар деймін?
Кенеттен Эдвардтың жүзі күлімдеп: «Сіз немене, мұны код иə
болмаса криптограмма деп ойлайсыз ба?»,— деді. Ол ұға қойды.
Байқайсың ба, Чармиан, бұл əбден мүмкін! Əйтпесе жасырын
тартпаға тамақтың рецептін тығатын себебі жоқ қой.
— Дəл солай,— деді Мисс Марпл,— бұл ойланатын нəрсе.
Чармиан: «Мен білсем бұл — көзге көрінбейтін сия! Келіңдер,
қ
ыздырып көрейік. Электр пешін қосшы»,— деді.
Эдвард Чармианның айтқанын істеп еді, ала бөтен жазу көріне
қ
оймады.
Мисс Марпл жөтеліп: «Меніңше, сендер тым қиындатып
жібердіңдер. Рецепт тек қана белгі. Мəселе, меніңше, хаттарда»,— деді.
— Хаттарда дейсіз бе?
— Əсіресе,— деді Мисс Марпл,— ана қол қойылған хатты айтамын.
Бірақ Эдвард Мисс Марплдың сөзін толық естімей қалды. Ол қатты
толқып: «Чармиан! Мұнда кел! Бұл кісі дұрыс айтып отыр. Байқашы
ө
зің, конверттердің бəрі де ескі. Ал хаттар кейін жазылған»,— деді.
— Дəл солай,— деді Мисс Марпл.
— Хаттардың ескілігі жасанды. Оларды Мэтью нағашымыздың өзі
істегеніне титтей де күмəнім жоқ.
— Дəл айтады,— деді Мисс Марпл.
— Бастан аяқ өтірік. Əйел миссионер еш уақытта да болмаған. Бұл
код болуы керек.
— Айналайындар, істі қиындатудың түкке де қажеті жоқ.
Нағашыларың шынында да қарапайым адам екен. Оның аздап
ə
зілдегісі келген, басқа түк те жоқ.
Олар Мисс Марплға енді ғана шын көңіл бөле бастады: «Турасын
айтыңызшы, сіздің ойыңыз қандай, Мисс Марпл?»,— деді Чармиан
ө
тініп.
— Мен айтсам, қалқам, сен дəл қазір ақшаны қолыңда ұстап тұрсың.
Чармиан төмен үңілді.
— Қойылған қолды айтамын, жаным. Бəрін айтып тұрған сол.
Рецепт тек белгі ғана. Егер ана қытай пияз, қоңыр қант, тағысын
тағылардың бəрін алып тастаса не қалады? Əрине, сан ет пен шпинат
қ
алады! Ал оның мағынасы — бос сөз
6
. Ендеше мəселенің түйіні
хаттарда екені анық. Сосын өлерінің алдында нағашыңның не
істегеніне көңіл аударып көрші. Өзің айтпақшы, көзін ашып-жұмып еді
ғ
ой. Біле білсең бұл да жұмбақтың шешуі.
— Біз ақымақпыз ба, жоқ əлде сіз бе?— деді Чармиан.
— Қалқам, осы күні қолданыла ма, жоқ па, бірақ бір нəрсенің өтірік
екенін білдіру үшін айтылатын мынадай бір сөз тіркесін естіген де
боларсың:
Демі жетпей қалған адамдай Эдвардтың аузы ашылып кетті. Көзі
хаттағы «Бэтти Мартин...» деген сөздерге түсті.
— Əрине, Росситер мырза. Жана ғана өзіңіз айтқандай, ондай адам
жоқ жəне болған да емес. Хаттар нағашыңыздың өз қолымен жазылған.
Меніңше, бұл хаттарды жазудан ол үлкен лəззат алған! Өзіңіз
айтқандай, конверттердің сыртындағы жазулар тым ескі. Шынында да
олар ішіндегі хаттардың конверттері емес, себебі қазір қолыңызда
ұ
стап отырған конверттегі почтаның мөрі 1851 жылы басылған,— деді
де, Мисс Марпл сөзін жұтып, кідіріп қалды. Сосын мəн бере: «1851
жылы басылған. Яғни бар жұмбақтың жауабын осыдан іздеу керек,
түсінікті ме?» — деді.
— Түсіне алмадым,— деді Эдвард.
— Иə, əрине,— деді Мисс Марпл,— егер немере жиенім Лионел
болмаса, мен де дым сезбеген болар едім. Өзі бір өте сүйкімді балапан,
сосын марка жинауға жаны құмар жəне ол жайлы білмейтіні жоқ.
Сирек кездесетін қымбат маркалар туралы да, аукционға келіп түскен
не бір, таптырмайтын марка жөнінде де маған сол жиенім айтқан
болатын. Сосын оның 1851 жылы шыққан 2 центтік
7
бір көк марка
жөнінде айтқаны есімде анық қалыпты. Ұмытпасам, ол марка 25000
долларға сатылыпты. Байқайсыз ба! Ана басқа маркалардың да сондай
сирек əрі қымбат болуы əбден ықтимал. Дау жоқ, оларды да
нағашыңыз
саудагерлерден
сатып
алған,
сосын
детектив
əң
гімелердегідей сақтық жасап, ізін жасырмақшы болған.
Эдвард ыңыранды. Қолымен бетін бүркеп отырып қалды.
— Саған не болды?— деді Чармиан.
— Ештеме де болған жоқ. Мисс Марпл болмаса мына хаттарды біз
бірін қалдырмай, өз қолымызбен отқа жағып жіберер едік-ау, деген
сұмдық ой келді басыма.
— Иə, иə,— деді Мисс Марпл,— бұл əзілқой қарт джентельмендерді
қ
ойсаңшы. Осы жағын мүлде ескермейді. Əлі есімде, Генри нағашым
бірде өзінің жақсы көретін жиен қызына жаңа жылға арнап 5 фунт
ақша салып жібереді. Ақшаны ол жаңа жылға арналған құттықтаудың
ішкі жағына жапсырып, сыртына: «Биылғы сыйлық осы-ақ болды.
Ө
зіңді жақсы көретін, жақсы тілек тілеуші нағашың», деп жазса керек.
Қ
ыз бишара мұны нағашысының сараңдығы деп түсінеді де, ренжіп,
бірден отқа лақтырып жібереді. Содан соң нағашысы оған екінші рет
сыйлық жасауға мəжбүр болған.
Эдвардтың Мисс Марплдың нағашысына деген сезімі күрт өзгеріп
шыға келді.
— Мисс Марпл,— деді ол,— мен бір шампан қоямын. Біз оны сіздің
Генри нағашыңыздың денсаулығы үшін ішетін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |