Агглютинация


Есте сақтау, есте қалдыру



бет9/15
Дата18.04.2023
өлшемі50,27 Kb.
#83801
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Абулия

Есте сақтау, есте қалдыру - материалдың жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып бөлінеді.
Жалпы психология - неғұрлым жалпы психологиялық зандылықтарды, психологияның теориялық принциптері мен әдістерін, оның негізгі ұғымдары мен санаттық құрылысын анықтайтын теориялық және эксперименттік зерттеулер.
Жан - адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен психологияда жан материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы. "Жан" ұғымының шығуы ұйқы, естен тану, өлім және тағы басқа жағдайларды қарадүрсін-материалистік тұрғыдан ұғынған алғашқы қауымдық адамның анимистік түсініктерімен байланысты.
Жас дағдарыстары - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама, ұзақ емес ерекше кезеңдері. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтумен байланысты пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынастар, сана саласындағы жүйелі сапалық түрленумен байланысты.
Жас психологиясы - адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Жас психологиясы бала психологиясын, ересек адамның жекелей даму психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын) қамтиды.
Жасқа қатысты сензитивтілік - белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы ұштасуы.
Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарын тұрақтатуы.
Зеректік - адамның белгілі бір ақпаратты қабылдау, санасына сіңіру және қорыту қабілетінің жоғарылығы. Зерек адам дамудың логикалык қағидаларының жетегімен бұрын жүріп көрмеген жолмен нысанаға жете алады, шығарып көрмеген есепті шығарады, шешіп көрмеген түйінді шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет