Агглютинация



бет8/15
Дата18.04.2023
өлшемі50,27 Kb.
#83801
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Абулия

Динамикалық стереотип - үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы
Дисфазия - мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы.
Синонимі – афазия.
Диффузиялық топ - құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Егіздік әдіс - біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік әдіс адамның психологиялық қасиеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес - бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық карекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай, алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Еліктеу - басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысуы.
Еңбек психологиясы - еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ерік - адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі функциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Еске түсіру - ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың ырықты нысаны ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет