Агглютинация



бет6/15
Дата18.04.2023
өлшемі50,27 Kb.
#83801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Абулия

Биографиялық әдіс - адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны, шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі
Бихевиоризм - XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. Бихевиоризм психологиясының мақсаты - мінез-құлықты зерттеу болды. Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми қалыптасуына В. М. Бехтерев пен И. П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.
Білуге құмарлық - адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңіл-күйіне із қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық - ұнамды қасиет.
Біліктілік - қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі белгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі.
Біріккен топ - бірлік нышаны, мүдделер кірігуі мен қоғамдық пікір бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі - қарым-қатынас,құрылымы, тұлғаның ондағы нақты орны айқындалса кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады. Бірінші сигнал жүйесі - сыртқы және ішкі ортадан келетін белгілі тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми қыртысында қалыптасатын шартты рефлекстік байланыс жүйесі. Сыртқы ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту, дәм сезу, иіс сезу және т.б.) арқылы тікелей әсер етіп, түрліше түйсіктер тудырады. Мұны академик П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі
өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды.
Вебер-Фехнер заңы - түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k 1оgP + с, мұндағы k мен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субьективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет