"Агробиология" факультеті



бет15/18
Дата07.01.2022
өлшемі2,68 Mb.
#17058
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Шаруашылық атауы

Өңдеуге дейінгі алқап көлемі

Өңдеуден кейінгі алқап көлемі

Биологиялық тиімділік

«Тараз»

7.9

5

36,7

Барлығы

7,9

5

36,7

Тараз қаласы бойынша жүргізілген химиялық өңдеудің нәтижесі бойынша биологиялық тиімділік есептелінді. Биологиялық тиімділік формуласы:



Э= ((А-Б)/А)*100%

Э - Биологиялық тиімділік

А- өңдеуге дейінгі алқап көлемі

Б- өңделген алқап көлемі

Э=((7.9-5)/7.9)*100=36,7%

Зиянды жәндіктердің зерттеудегі тәжірибелер мен мөлтектерді салудың негізгі қағидаларына – нақтылы аймақ пен аймақшаларға лайықты төмендегідей көрсеткіштерді таңдау, оларға жер бедері, танаптың ластану көрсеткіштері, әрбір ауыспалы егіс типінде жүргізілетін технологиялық шараларды алғы дақылын ескере отыра жүргізу (топырақ өңдеу, тыңайтқыштар мөлшері, себу әдістері мен мөлшері және суару режимдері және т.б.). Азиялық шегіртке түр құрамы мен санын анықтау жаздық бидай танаптарында олардың өсіп-дамуының негізгі сатыларында үнемі маршруттық тексерістер арқылы жүргізілді (фитосанитарлық мониторинг). Фитофагтардың санын есептеу және олармен зақымданған өсімдіктерді анықтау көптеген ізденушілердің жалпы қолданысқа ұсынған әдістемелері бойынша жүргізілді. Жылма-жыл зерттеулер барысында бидай танаптарында нақтылы энтомологиялық бағалар беріліп, онда зиянкестердің негізгі түрлерінің сандық динамикасы мен фенологиясы зерттеліп, энтомоценоздардың негізгі технологиялық шараларға әсері бағаланып, танаптардың зақымдану мерзімі мен көлемін анықтау үшін әдістемелер жетекшілікке алынды. Азиялық шегірткенің шаруашылықтық маңызын бағалау олардың түр құрамын санын және зақымданған өсімдіктер көлемдерін анықтау арқылы 38 жүргізілді. Ал зияндылығын анықтау жәндіктерді торға қолдан жасанды отырғызу жолымен, үлгі мөлтектер көмегімен ұсыныстарға сәйкесті моделді өсімдіктер алу арқылы жүргізілді. Астық дақылдарын себер алдында топырақты негізгі өңдеу тәсілдерінің азиялық шегіртке имаго сатысына әсерін зерттеу үшін, әр дақылды кеміне бір орында 2 жыл өсірілген танаптар таңдалынып алынды, моделді телімдердің ауданы 20-25 га, онда технологиялық шаралар тарихы бірегей сұлбаға сәйкесті орындалған. Осыған орай, ауыспалы егіс танаптарында дернәсілдер саны арнайы 0,25 м2 мөлтектен топыраққа қазбалар жүргізу әдісімен әрбір қабаттан 0-5; 5-10; 10-15; 15-20; 20-25; және 25-30 см анықталды. Танаптар көлеміне байланысты мөлтектер саны 16-24 аралығында болды. Қыстан шыққан дернәсілдер саны көктемде анықталды. Дернәсілдер сандарының жоғары көрсеткіштерін және көктемде шығу уақытын мен олардың қуыршаққа айналуын анықтау үшін әрбір 4-5 күннен кейін топырақ қазбаларынан есептеу жұмыстары жүргізілді.

Сурет 2– Зақымданған егістік мөлтектен 15-20 см тереңдікте. 1 м2

топырақтағы 0-5 см., 5-10 см., 10-15 см., 15-20 см., тереңдіктердегі дернәсілдер

жұмыртқалар мен санын анықтау жұмыстары

Сурет 3 – Бидай масағындағы ересек шегірткені бақылау



Сурет 4 – Энтомологиялық қаққышпен шегіртке сермеп ұстау


2.6. Жамбыл облысының ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерді есептеу үшін жүргізілген мониторинг жұмыстарының есептерін әкелу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет