Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb..
Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb.. Бұл шегіртке Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында таралған. Астық, техникалық және көкөніс дақылдарын ақымдайды. Ал еліміздің оңтүстігінде тың жерлер мен жайылымдықтардан өрістеген шегірткелер мақта мен мақсары егістіктеріне кейбір жылдары елеулі зиян келтіреді. Ересегінің (имаго) – дене тұрқы орташа, мүсінді келген. Еркектерінің денесінің ұзындығы 16,5-28,5, ал ұрғашылары – 20,5-38,0 мм. Басының төбе шұңқыры кеңдеу болып келеді, төртбұрышты. Үстіңгі қанаты жақсы дамыған, оның ұзындығы артқы бөксесінің төбе тұсынан да арырақ өткен, түсі мөлдірлеу, кейде сұр немесе қоңырлау дақтары бар. Аталықтардың үстіңгі қанатының ұзындығы 17,5-27,0, аналықтары – 23,0-36,0 мм. Қанаттары түссіз. Артқы бөкселері мүсінді, олардың ұзындығы енінен 3,7-4,2 рет ұзындау.
Достарыңызбен бөлісу: |