Сурет-5. Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb..
1-ші жастағы дернәсілдер. Дернәсілдердің барлық жастағы дене мөлшерлері 1 кестеде көрсетілген. Алдыңғы арқасында Х тәріздес таңбашасы
бар. Қанат бастамалары мен астыңғы қанаттары жоқ. Жыныстық белгілерін айыру өте қиын. Денесінің түсі қара немесе қоңырқай-қара. Артқы бөксесінің
іш жағында 3 қара дағы бар. Артқы сирағы қара, түп жағында боз түсті сақина орналасқан.
2-ші жастағы дернәсілдер. Артқы қанаттары мен қанат бастамалары ортаңғы және артқы арқаларының төменгі жағына қарай қайырылған. Жыныстық белгілері анық байқалады. Денесінің түсі қоңырқай-қара, Х тәріздес таңбашасы 1-ші жастағы дернәсілдерге қарағанда анығырақ көрінеді.
3-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанаттары (0,5 мм) мен астыңғы қанаттарының (1,3 мм) бастамасы жақсы қалыптасқан үш бұрышты қара 18 пластинка тәріздес, бойлық тарамыстары айқын. Жыныстық белгілері анық. Жалпы денесінің түсі бозғылттау. Дернәсілдің бас бөлігінің бет жағындағы және алдыңғы арқасының бүйіріндегі қара түсті дақтар анық байқалады.
4-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары дернәсілдің арқасына жайылған, бірақ алдыңғы арқадан қысқалау; қанат бастамалары ұзынша келген, үшбұрышты, үстіңгі қанаттың ұзынша және енсіздеу бастамаларын жауып тұрады. Жыныстық белгілері анық білінеді. Қанық қара түсті дақтары айқыштанып, денесінің түсі бозғылт тартады.
5-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары алдыңғы арқадан ұзынырақ, құрсағының 1/3 –1/2 бөлігінің ұзындығындай; ішкі қос жұбы сыртқысынан қысқа емес. Қанатының тарамыстары анық білінеді. Қанат бастамаларының түп жағында бүйрек түстес бозғылт дағы бар. Жыныстық белгілері анық білінеді. Денесінің түсі әлі де болса бозғылттау, сарғыш-жирен, қара дақтары бар. Х тәрізді таңбашасы анық білінеді.
Күбіршесі тік немесе доғаша келген, оның ұзындығы 16-35 мм, диаметрі 4,5-5,5 мм. Қабырғаларының қалыңдығы 0,3-1,0 мм, төменгі жағы беріктеу болып келеді. Күбіршенің үстінгі жағындағы шығар тесігінің қалыңдығы 1,0 мм, топырақтан жасалған, қабырғаларымен бітіскен томпақ қақпақшамен жабылған.
Сәуір
|
Мамыр
|
Маусым
|
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
|
1 он күн дік.
|
2 он күн дік.
|
3 он күн дік..
|
1 он күн дік.
|
2 он күн дік.
|
3 он күн дік..
|
1 он күн дік..
|
2 он күн дік..
|
3 он күн дік.
|
1 он күн дік..
|
2 он күн дік.
|
3 он күн дік.
|
1 он күн дік..
|
2 он күн дік..
|
3 он күн дік..
|
1 он күн дік.
|
2 он күн дік..
|
3 он күн дік..
|
●
|
●
|
●
|
●
|
●
|
●
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |