"Агробиология" факультеті


Жамбыл облысының шаруашылығындағы дақылды өсіру технологиясы. Күздік бидайдың өсіру технологиясы



бет11/18
Дата07.01.2022
өлшемі2,68 Mb.
#17058
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Дәуірбаева Дана өндірістік есебі 2 (автовосстановление)

2.4 Жамбыл облысының шаруашылығындағы дақылды өсіру технологиясы. Күздік бидайдың өсіру технологиясы

Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн. га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35%- ын жаздық бидай 65% -ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25, 4 ц/га.

Күздік бидай жоғары өнімділіктің дақылы ретінде өзінің биологиялық потенциялын құнарлы топырақтарда және жақсы алғы дақылдарда іске асырады.

Күздік бидайды арнайы ауыспалы егістерде шамамен дақылдарды төмендегендей кескінмен кезектестіріп орналастыру ұсынылады:

1. Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық бидай;

2. Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық бидай;

3. Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық бидай – арпа.

Жұмсақ бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады.

Алғы дақылдар. Қазақстанның далалық, орманды - дала аудандары үшін кезінде ҚР АШМ - нің «Казагроинновация» АҚ - ның «А. И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды (4, 5, 6 танапты т. б.) дәнді сүр танапты, дәнді отамалы дақылдар ауыспалы егістерін зерттеп жасады және олар жазық тілгішті, минималды топырақ өңдеу технологияларына негізделген:

Жаздық бидайға ұсынылған ауыспалы егіс сұлбасы:

1. Сүрі жері, бидай, бидай, арпа, бидай;

2. Сүрі жері, бидай, бидай, бидай, арпа

3. Сүрі жері, бидай, бидай, сұлы, бидай, арпа

4. Жүгері, бидай, арпа немесе сұлы

5. Біржылдық шөптер (пішенге, жасыл балаусаға), бидай; асбұршақ, бидай, сұлы немесе арпа;

Тыңайтқыштар - өсімдіктердің қоректендіруін оңтайландыруды, топырақ құнарлығын, дақылдың өнімі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Жаздық бидай астығының бір тоннасын қалыптастыруға орта есеппен 35 - 45 кг азот (N), 8 - 12 кг фосфор (Р2О5) және 17 - 27 кг калий (К2О) қажет. Топырақтан қоректік заттарды жаздық бидай түптенуден дәннің сүттене пісу кезеңіне дейін барынша қарқынды сіңіреді. Алайда астық өніміне әсер ететін «қиын - қыстау» кезеңі – себу – түтікке шығу аралығы. Қазақстанның көпшілік аймақтарында, әсіресе орманды дала аймақтарында, жаздық бидай үшін тиімді тыңайтқыштардың бірі – фосфор тыңайтқышы. Негізгі астықты өңір Солтүстік Қазақстанда сүрі танабына енгізілген (Р2О5) әрбір киллограмы тура және соңғы әсерімен 10 - 12 кг - ға дейін қосымша жаздық жұмсақ бидай өнімін қамтамасыз етеді. Оның үстіне ол 5 - 6 тәулік ерте піседі, ал бұл дер кезінде егінді ысырапсыз жинап, жоғары сапалы астық алуға мүмкіндік береді.

Сүрі танабы фосфор тыңайтқышын енгізетін ең жақсы орын болып есептеледі. Бұл оның жоғары ылғалдылығына, нитратты азотпен қамтамасыз етілуіне және арамшөптерден тазалығына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет