Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу нақты аймақ жағдайында алғы дақылға, топырақ ерекшеліктеріне, оның арамшөптермен ластануына, басым арамшөптер түріне және көптеген басқа – жағдайларға байланысты өзгереді.
Топырақ өңдеудің екі түрі бар жаздық бидай үшін күзде жерді соқамен терең қопсыту және көктемде егін себер алдында өңдеу.
Ерте көктемгі топырақ өңдеу күзгі кесек топырақты сүдігерде, жазық тілгішті технологиямен дайындалған сүрі жерлерде жүргізіледі және оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты – екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу.
Себу алдындағы топырақ өңдеуді гербицидті өңдеумен алмастыруға да болады, бұл шара арамшөптерден тазартып қана қоймай, топырақтағы ылғал қорын да сақтауға жағдай жасайды. Себу алдындағы гербицидтік өңдеуді (раундап 36% с. е., 1, 8 - 2, 0 л/га) бидайдың кеш себілетін танаптарында себуден 7 - 8 тәулік бұрын жүргізген тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |