Эвритермді түрлері – температураның үлкен ауытқуына шыдамды организмдер.
Эвригалинді түрлер – су тұздылығының үлкен ауытқуына шыдамды организмдер.
Эврибатты түрлер – қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер.
Эврифагтар – әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер.
Эвритоптар – әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.
Организмнің тіршілігі үшін абиотикалық факторлардың мәні.
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады. Белгілі француз астрономы К. Флимарион : «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған»- деді. Биосферадағы ең маңызды процесс- фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады.
Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарстыруға болады: бір жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі мүмкін, ал екінші жағынан – жарық тіршілікке қажетті энергияның бірінші ретті көзі.
Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, фотосинтездің интенсивтілігіне, жануарлардың белсенділігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік ж/е маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен helios – күн, phyton-күн), сциофиттер (грек тілінен skia- көлеңке) ж/е көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер).
Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер)- жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі(бидай, қарағай, майқарағай).
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер)- күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер).
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер)- жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері).
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі- температура.
Қолайсыз температураның зиянды әсерінен қорғауға бағытталған өсімдіктердің физиологиялық бейімдеушіліктеріне мына мысалдарды келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі – транспирация (латын тілінен trans – арқылы, spiro- тыныс алу, шығару), плазманың ұю температурасын өзгертетін жасушадағы тұздардың жиналуы, хлорофиллдің күн сәулелердің енуіне қарсылық қасиеті.
Жануарларда ағзаны қолайсыз температуралардың әсерінен қорғауға бағытталған мофолониялық бейімделулер қалыптасқан.
Бергман ережесі (1847 ж.) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Аллен ережесі (1877ж.)бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойтермді (жылы қанды).
Пойкилотермді ағзалардың (грек тілінен poikilos –алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температуарсы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Оларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.
Гомойтермді ағзаларға (грек тілінен homois- бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары ж/е тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.
Су режиміне байланысты өсімдіктердің мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады:
Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
Гидатофиттер (грек тілінен hydor, hydatos- су) – су өсімдіктері.
Гидрофиттер (грек тілінен hydor - су) – құрлық-су өсімдіктері.
Гигрофиттер (грек тілінен hydros- ылғалды)- ылғалдағы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері.
Мезофиттер (грек тілінен mesos-орташа, аралық)- қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер.
Ксерофиттер (грек тіліінен xeros - құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:
Гидрофилдер – ылғал сүйгіш жануарлар(маса, амфибиялар).
Мезофилдер – орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар(құстар, сүтқоректілер).
Ксерофилдер – жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар.
Достарыңызбен бөлісу: |