Өндірістің дамуы және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау, өңдеп іске жарату кезек күтпейтін мәселе болып табылады. Бұл бойынша қоршаған ортаның ластануын тоқтату мүмкін емес.
Өзендерге, теңіз бен мұхит суларына күн сайын мыңдаған тонна өндірістік қалдықтар мен лай сулар құйылып, қалалардың үстін оңаша бұлт пен түтін емес, қара бұлдыр тұман жауып тұрса, ормандар жойылып, жер беті айқыш - ұйқыш қазылап жатса, радиоактивті қалдықтар өсімдіктер мен жануарларға жиналып, олардан адамдарға өтіп, өлім-жітім, ауыру-сырқау көбейсе - мұны экологиялық дағдарыс, адамзатқа төнген үлкен қауіп деп түсіну керек.
Көп жылдар бойы экологиялық дағдарысты капиталистік қоғамнан көріп, олардың өндіріс күштері мен жеке меншік иелерін кінәладық.
Айтылғандарды растау үшін жер мен оның байланыстары жеке меншікте, оның иелері пайда табу үшін өзара қырылысады, бірінің капиталы мен байлықтары екіншісіне қарсы тұрады деген дәлелдер келтірілді. Мысалы, химия концерні ауаны және суды ластап жатса, оның иесінің басы ауырмайды деп жазғырдық. Осыны дәлелдеу үшін әлемге әйгілі мысалдарды келтіріп, басқаларға кінә таптық. Сондағы капиталистерге тағылған кінә мыналар еді:
- бодан және жартылай бодан елдердің табиғат байлықтарын сүліктей сору;
- қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарды бодан елдерде салып, өздеріне таза, ортаға зияны жоқ өнімдерді әкелу;
- 1945 - 1970 жылдары АҚШ Атлант мұхитының шығыс жағалауына 3 мың метр тереңдікке радиоактивті қалдықтар салынған 85 мың контейнер тастады. Қазір бұл контейнерлер шіріп, радиоактивті қалдықтар мұхит суына жайылуда. Атлант мұхитына осындай контейнерлерді Ұлыбритания, Франция, Бельгия, ГФР-де тастады.
- Ханфордтағы (АҚШ) атом электр станциясы радиоактивті қалдық суларды Колумбия өзені арқылы Тынық мұхитқа, ағылшындар - Ирланд теңізіне, Француздар Рона арқылы Жерорта туңізіне жіберіп жатыр;
- Үндіқытай түбегіндегі соғыс кезінде АҚШ аспандағы бұлттарды нөсер жауынға айналдырып, жер бетіне топан су жайып Вьетнамның қатынас жолдарын, су қоймаларын, бөгеттерін қыйратты;
- АҚШ әскері Вьетнам жеріндегі ағаштарды, басқа өсімдіктерді у шашып жойып жіберді. Соғыс біткелі 30 жылдан астам уақыт өтседе әлі күнге дейін онда ештеңе өспейді.
Бұл фактілердің бәрі де дұрыс және шындық. Азамат пен табиғат алдында капиталистік қоғамның кінәсі аз емес, қылықтары айыптауға тұрарлық.
Бірақ, кешегі өздерін социалистік қоғам санаған елдердің де кінәсі мен теріс әрекеттері көп болмаса, аз емес.
Демократия мен ашықтықты жақтаған капиталистік елдерде орнын алған қолайсыз жағдайлар уақытында жария болып, оларды болдырмауға, табиғатты қорғауға, әскерлердің ғалымдардың қоршаған орта үшін қауіпті әрекеттеріне қарсы тұруға сол элементтеріне қарсы тұруға сол мемлекеттер азаматтары белсенді түрме қатынасады. Ортаның тигізетін зиянын күн ілгері білгендіктен онан сақтануға мүмкіншіліктері болады.
Басқаларды бодан және жартылай бодан халықтың табиғат байлығын сүліктей сорды деп кінәлаған кеңестер империясы, Ресей патшасынан бастап 300 жыл бойы қазақ халқының табиғат байлықтарын сұрақсыз, ақысыз, керегінше пайдаланды, басқа елдерге сатып, пайдасын көрді. Алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, темір, болат, марганец, хром, никель, мұнай, газ, көмір т.б. түсті және сирек кездесетін металдар жыл сайын көбейген мөлшерде әкетіп жатты.