«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет33/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Бақылау сұрақтары:
1. Биосферадағы заттар айналымы қалай жүреді?
2. Адамның экожүйедегі орны қандай?
3.Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар.
4. Қазіргі биосфера қандай?
5.Биосфера дегеніміз не?
6.Ноосфера дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым, 1997.
2. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.
3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы.Алматы, Қайнар, 1990.
4. Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж138 – 158беттер.
5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика – 2000 ж.

Дәріс №6.Тұрақты даму тұжырымдамасы
Дәріс мақсаты: студенттерге «тұрақт даму» концепциясы мен факторларын, стратегиясы мен принциптерін түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972). Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы, Дания, 1994). Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами
алалтын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру),әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері–жергілікті, аймақтық ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлері. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.


Негізгі терминдер:
1.Тұрақты даму - қазіргі уақыттағы қажеттілікті қамтамасыз ететін дамуды айтады, алайда бұл даму болашақ ұрпақтың қажеттілігін қамтамасыз ету қасиетіне қауіп төндірмеуі тиіс.
2.Табиғи ортаның ұлттық (мемлекет ішілік) объектілерін қорғау дегеніміз –жер, су, жер қойнауын, биотаны және басқа да мемлекет ішіндегі аймақтың табиғи ортасының басқа да элементтерін қорғау деген сөз.


Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972). Тұрақты даму деп қазіргі уақыттағы қажеттілікті қамтамасыз ететін дамуды айтады, алайда бұл даму болашақ ұрпақтың қажеттілігін қамтамасыз ету қасиетіне қауіп төндірмеуі тиіс.
«Тұрақты» даму концепциясы 1987 жылы 200-ден аса мемлекет өкілдері ұсынған БҰҰ-ның Дүниежүзілік комиссиясының Докладында алғаш рет ұсынылды. 1992 жылы Рио-де-жанейрода өткен ҚО және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясында осы концепцияны XXI ғасырдағы біздің планетамыздағы барлық елдерде жүретін басшылық ретінде бекітті.
«Қоғам-табиғат» жүйесіндегі тұрақты даму әртүрлі деңгейлердегі социоэкожүйенің динамикалық тепе-теңдігін сақтауды білдіреді. Социоэкожүйенің компоненттері болып қоғам (социалды жүйе) және табиғи орта (эко- және геожүйе) саналады. Социоэкожүйенің динамикалық тепе-теңдігі олардың дамуы процесіндегі белгілі қарым-қатынасты міндетті сақтауды қажет етеді.
Осыдан түйін шығарар болсақ, онда социоэкожүйенің үздіксіз дамуы үшін жүйенің ортамен заттық-энергетикалық және информациялық алмасуы сақталып қана қоймай, сондай-ақ осы алмасуды қамтамасыз ететін сыртқы жағдайлар да сақталынуы тиіс. Біздің планетамыздың, оның биосферасының ресурстық мүмкіншілігінің шектеулілігіне байланысты осы талапты орындау үшін қоғам тұрғысынан табиғи ортаның дамуына қолдау көрсетуі тиіс.
Тұрақты даму концепциясының негізгі идеясы өзара байланысқан социалды-экономикалық және экологиялық даму үшін механизмдер мен жағдайларды жасауға негізделген, ол кезде табиғи орта социалды-экономикалық процестермен бірге қарастырылады. Бұл жағдайда ғана қоғам мен табиғи ортаның дамуы үшін жағдай пайда болады.
Қазіргі уақытта табиғи ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауқымды проблемаға айналды. Табиғаттың шекарасы жоқ, ол бәріне бірдей және біртұтас. Барлық адамзаттың қазіргі кездегі экологиялық проблемалары: озон қабатының бұзылуы, дымқылды әсер ету (парниковый эффект), топырақтың құнсыздануы, биосфераның биологиялық алуантүрлілігінің азаюы, радиоактивті және басқа да ластанулар түрлері, пайдалы қазбалардың азаюы және басқа да проблемалар ауқымды сипатқа ие болды. Осы ауқымды экологиялық дағдарыстан шығу тек барлық адамзаттың жұмылып атқарар жұмыстарына байланысты болмақ.
Адамды қоршаған ортаның проблемалары бойынша БҰҰ-ның Конференциясы Стокгольмда 1972 ж өтті. Конференцияның қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау облысы бойынша дүниежүзілік қауымдастықтардың стратегиялық бағыты мен мақсаты анықталып Декларация қабылданды. Декларацияда адамды қоршаған ортаны қорғаудың 26 негізгі принципі қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет