«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторингі



бет59/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторингі.
Экологиялық мониторинг экожүйеде антропогенді өзгерістер және осы барлық өзгерістерге биота мен экожүйенің кері әсері болжамын және бағасын беруді жүзеге асырады. Экологиялық мониторинг деп мемлекеттік мүшелердің, өнеркәсіптер мен азаматтардың экологиялық нормалар мен құқықты сақтауы бойынша жұмыс жасауын айтады.
Экологиялық мониторинг негізгі үш бағытта жұмыс істейді:

  • ортаның жағдайы ман әсер ету факторларын бақылау;

  • ортаның нақты жағдайына баға беру;

  • табиғи қоршаған ортаның жағдайын болжау және болжанған жағдайға баға беру.

Химиялық және физикалық мониторингтер қоршған ортада (ауада, топырақта, суда) ластаушы заттардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Табиғи экожүйенің әртүрлі ласаушы түрлеріне тұрақтылығын бағалау үшін биологиялық мониторинг жүргізіледі. Биологиялық мониторинг биоиндикаторлардың көмегімен жүргізіледі. Биоиндикатор дегеніміз тірі организмдер мен олардың қоғамына әртүрлі антропогенді әсер ету кезінде беретін реакцияларын анықтау және табу болып табылады. Биоиндикаторлық зерттеулер объектілеріне жеке флора немесе фауналар, сондай-ақ экожүйелердің жеке түрлері де жатуы мүмкін. Мысалы, хвой ағаштары радиоактивті ластауға өте сезімтал келеді, ал топырақта өсетін өсімдіктер өндірістік ластануға сезімтал болады.
Осындай объектілерді бақылауды талдау қоршаған сол ортада тұрып жатқан халықтар үшін қауіп төндірмейтіндей экологиялық бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингтың даму деңгейі қазіргі уақытта қазіргі талаптарға сай емес.
Бақылау орталықтарының мемлекеттік таралымы олардың болуы керек санының тек қана 20%-ын, қажетті деңгейге жету үшін қажетті аппаратураның 40-тен 80%-ымен ғана қамтамасыз етілген.
Әртүрлі министрліктер мен мекемелер жүйесінің мекемелер арасындағы әлсіз координациялары ҚО жағдайын толықтай анық күйде бағалауға және уақытында қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермей отыр.
ҚО мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингісінің ортақ мемлекеттік жүйесін жасау туралы шараларды тез арада қабылдау қажет. Ол үшін барлық өнеркәсіптер мен мекемелік мониторингтар кеңселеріне геоинформациялық жүйені, сондай-ақ өндірістік мониторинг жүйесін қосу қажет.
Оның жұмыс істеуі үшін мәліметтерді тарату, жинау, жүйелеу және сақтау үшін экологиялық мәліметтер қорын құру, қазіргі уақытта жұмыс істеп отырған техникалық базаның бақылау және өлшеу жүйелерін жетілдіру, барлық қызығушылық танытып отырған мемлекеттік орындардың өзара бірігуі үшін нормативті құқықты растау құжатын қабылдау туралы тапсырма берілу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет