«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары



бет60/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары
Казақстанның экологиялық заңнамаларының құрамына 10 шақты заңдар және 200-ден астам нормативті құқықты растау құжаттары кіреді.
ҚР экологиялық заңнамаларын жетілдіру үшін дамыған елдердің экологиялық заңдылықтарына сәйкестендіру және халықаралық стандарттар жүйесін енгізу қажет.
Бастапқы кезде ҚР-ның барлық заң растау құжаттарына қоршаған табиғи ортаның жағдайын жақсартуға септігін тигізетін табиғатты қорғау нормаларын енгізу қажет.
2004 жылы міндетті түрде экологиялық сақтандыру бойынша және өндіріс пен тұтыну қалдықтары бойынша заңды растау құжаттары дайындалды, ал 2006 жылы экологиялық аудитті енгізу жүргізілді. Сақтандыру ұйымында жинақталған қаржы экологиялық қауіпті өндіріс түрімен айналысқан кезде апаттар мен катастрофалар орын алған жағдайда ҚО-ға келтірген зиянды қайтаруға кепілдік беруі тиіс. Экологиялық аудит өз кезегінде өнеркәсіптер мен мекемелерге ҚО-ны ластаудың нормативті көрсеткіштеріне жетудің тиімді әдістеріне экономикалық тұрғыда келуіне көмектеседі.
Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру
Экологиялық мәдениеттің дамуына негіз болатын экологиялық білім беруді дамыту үшін келесідей шараларды жүргізген дұрыс:

  • барлық білім беру деңгейлері бойынша оқу бағдарламаларына тұрақты даму мен экологиялық сұрақтарды енгізу арқылы үздіксіз эколгиялық білім беру жүйесін құру;

  • міндетті түрдегі және қосымша білім берудің барлық білім беру жүйесі үшін экология облысында мамандарды дайындау, кадрлардың білімін жетілдіру, қайта даярлау дайындау; экологиялық білім алу үшін мемлекеттік көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері
Әлемдік қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы 1992 жылы Рео-де-Жанейрада өткен «XXI ғасырдың күн тәртібінде» мен Дүниежүзілік саммиттің (Йоханнесбург қаласы, 2002 жыл) тұрақты даму Декларациясында бойынша айтылған міндеттерді орындауға міндеттеме қабылдады. Алынған міндеттемелерге сай 1996 жылдан бастап Қазақстанда тұрақты дамуға жетудің негізгі бағыттары бойынша шаралар қабылданды. 2030 жылға дейін Қазақстандың даму Стратегиясы жасалып, қабылданды. Еліміз Европа үшін қоршаған орта» процесінің әрекетті мүшесі болды. 2015 жылға дейін индустриалды- инновациялық даму Стратегиясы қабылданды. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясы қабылданды. Тұрақты даму бойынша Совет құрылды. 2015 жылға дейінгі Қазақтанның XXI ғасырдағы күн тәртібі жасалып жатыр.
Қазақтанның XXI ғасырдағы күн тәртібінің мақсаты қоршаған ортаның тұрақты жағдайында қазіргі және болашақ ұрпақтың жағдайын қамтамасыз ететін даму моделіне өту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Концепциясына сәйкес қоршаған ортаның жағдайы 2010 жылға дейін тұрақталуы тиіс. Бұл 2010 жылға дейін қоршаған ортаның жағдайы сапасын төмендететін процестерді тоқтатуды білдіреді, яғни оған антропогенді әсер етуді азайту керектігін білдіреді. Мұны жүзеге асыру өте қиын, өйткені қазіргі таңда ушығып тұрған экологиялық проблемалар жеткілікті.
Экономикалық бірлесу және даму ұйымы (ЭБДҰ) ұсынған «ДСР моделі» деп аталатын бағдарламада қоғам мен қоршаған ортаның өзара әсерлесу процестері сызбалы түрде көрсетілген. Оны (кейбір өзгерістер енгізе отырып) басқа халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰстат және Евростат ұйымдарыда қолдайды.
Тұрақты даму үштіктің: адам-шаруашылық - табиғат маңызды индикаторларының өзара әсерлесуінің оң динамикасын береді деп күтеді, ол әлеументтік, экономикалық және экологиялық саланың жұмысын тұрақты қамтамасыз етуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, тұрақты даму ҚО-ға зиян келтірмей қазіргі және болашақ ұрпақтың экономикалық – экологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген.
Қазақстан үшін тұрақты даму өте қажет, өйткені Семей полигонындағы, химия және мұнайхимиясы өндірісіндегі, металды тұтынушы, мал шаруашылығы кешендері мен басқа факторлары бар – ірі кәсіпорындардың экологиялық жағдайлары сын көтермейді. Бұрынғы технологиямен жұмыс жасап жатырған өндірістік кәсіпорындар қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруде.
ҚР-ның дамуы әлемдік цивилизацияның даму қарқынына кері келмеуі тиіс, сондықтан да ТД-дың ұлттық стратегиясы мемлекеттік мүддесін, сондай-ақ ресурстық және экологиялық реалийлерді ескере отырып «XXI ғасырдың күн тәртібінде» келтірілген принциптер негізінде жасалды. ТД-дың экологиялық аспектісіне қоршаған ортаны (ҚО) қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (ТРТП), экологиялық алуантүрлілікті сақтау, әлеументтік-экономикалық проблемаларды шешу үшін қолданылатын жоғарғы технологияларды және химиялық заттарды қолдануда экологиялық қауіпсіздікті сақтау жатады.Өндірістің дамуындағы экологиялық имперетив келесідей принциптер арқылы жүзеге асады:

  • ТД стратегиясын іске асыру кезінде бақылау орталығында табиғатпен үйлесе отырып, дені сау және ұрпағын өсіре алатын өмірге құқығы бар адам болуы тиіс;

  • Даму құқығын ҚО-ны сақтау және дамыту мүмкіндігін қазіргі ұрпақ үшін де, болашақ ұрпақ үшінде бірдей болуын қамтамасыз ету арқылы ғана жүзеге асыру қажет;

  • Қоршаған ортаны қорғау ТД-дың бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс және де оны бөліп алып қарастыруға болмайды.

Қазіргі қоршаған ортаны қорғау тәжірибесінен өзге, шаруашылық жұмыстарын экологиялау (ластау көздерінің зардаптарын емес, оның бастапқы ластау көзін жою) бойынша шаралардың жүзеге асырылуына мән беру керек. Бұл экологиялық тұрғыда таза өндірістік жаңа технологияларды және тасымал түрлерін енгізуді талап еткізеді.
Еліміздің тұрақты дамуы халықтың денсаулықты сақтаудың конституциялық ережелерін іске асыруға мүмкіндігі болғанда ғана мүмкін болады. Адамдар денсаулығы мемлекеттің әлеументтік-экономикалық және қоршаған орта арасындағы байланысты дұрыс дамытуына байланысты болады. Сондықтан да ҚО-ға зиянды әсер ету мен ластауға байланысты денсаулықтың нашарлауын болғызбау үшін шаралар жүргізілуі тиіс.
ҚР-ның тұрақты дамудың ұлттық стратегиясы Концепциясында экономикалық және экологиялық проблемаларды шешу бойынша білім беру, экономика, мемлекеттік және құқықтық саясаттың ғылыми бағыттары кешені қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет