Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы және олардың экологиялық-генетикалық зардаптары. Қоршаған орта адамдардың іс-әрекеті негізінде физикалық, химиялық және биологиялық ластануда.
Қоршаған ортаның физикалық ластануына қалдықтар (өндірістік, тұрмыстық, радиациялық, қауіпті), дыбыс (жұмыс орындарында, адамдар қоныстанған мекендерде дыбыстың қалыпты деңгейден жоғары болуымен және дыбыс шығару сипатының біртүрлі өзгеруі (кезеңділік, дыбыс күші)) , электрмагнитті ластану (ортаның электрмагнитті қасиетінің өзгеруі нәтижесінде пайда болады) және т.б. жатады.
Өндіріс және пайдалану қалдықтары өндірістік, тұрмыстық, ауылшаруашылық, құрылыс және т.б. болып бөлінеді. Агрегатты күйге байланысты қалдықтар газ, қатты және сұйық күйде болады. қалдықтар атмосфералық ауаны, жер үсті және жер асты суларын, топырақ пен өсімдіктерді ластаушылар болып табылады.
Дыбыспен ластау көздеріне көліктер (авто, рельсті, ауадағы), өндірістік қондырғылар мен тұрмыстық жабдықтар жатады. Жалпы дыбыстың 80 %-ы автокөліктерден болады. Дыбыстық әсер ету адамды тез шаршатады, оның ойлану мүмкіндігін азайтады, еңбек ету мүмкіндігін төмендетеді.
Электрлі ластанудың негізгі көздеріне электр берілістері линиясының электромагнитті алаңы, радиотелевизионды және радиолакациялық станциялардың линияларының электрмагнитті алаңы жатады. Электрмагнитті әсер ету электронды жүйенің жұмысының бұзылуына әкеліп соқтырады. Электрмагнитті алаңның тірі организмдерге әсер ету деңгейі мен механизмі әлі белгісіз.
Қоршаған табиғи ортаны физикалық ластанулардан сақтау үшін келесідей шараларды ұйымдастыру қажет:
бағалы компоненттерді алдын-ала сорттау және жою;
мусорды жағатын зауыттарда мусорларды жағып жіберу;
көмуге және жартылай игеруге арналған полигондарды салу;
компостирлеу, яғни тамақ қалдықтарын аэробты қышқылдау арқылы өңдеу, нәтижесінде биоотын немесе азот тыңайтқышы алынады;
қорғау экранын жасау;
тростарды жерге қадау;
электрберуші линиялардың геометриялық көрсеткіштерін таңдау.