б) -йын деп келеді форманты жетекші етістікке тір- кесіп, амалдың бірте-бірте я үдегенін, я кемігенін білді- ретін реңк қосады. Мысальг кун суытайын деп келеді; мен шөлдейін деп келемінт. б. -йын де формантына -п тұр, -п отыр, -л жатыр, -п жүр форманттары қосылып, төрт түрлі күрделі формант жасайды. Бұлардың әрқайсысы жетекші етістікке өзін- ше реңк жамап, амалдың белгілі бір кезеңде бір қалып- та болатынын білдіреді. Ол ренктер мынадай:
а) -йын деп тұр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу я аяқталу карсаңында екенін (түрға-
270
?
ньіи) білдіреді. Мысалы: оған осы ойымды айтайын деп турмын; істің сәті тусейін деп тур; жіп узілейін деп тур т. б.
о) -йын деп отыр форманты жетекші етістікке тірке- сіп, амалдыд басталу (болу) я аяқталу қарсаңында еке- нін (тұрғанын) білдіреді. Мысалы: мен жүрейін деп отырмын; осы жайды сізден сұрап алайын деп отырмын, т. б
б) -йын деп жатырформанты өзі тіркесетін жетекші етістікке амалдың дереу болғалы жатқанын я жедеқа- был әзірлік жасалып жатқанын білдіретін реңк үстейді. Мысалы: ол Москваға жүрейін деп жатыр: Абзал мақа- ла (кат) жазайын деп жатыр т. б.
в) -йын деп жүрформанты жетекші етістікке тірке- сіп, амалды субъект жүзеге асыру камында екенін я жү- зеге асыру карсаңында жүргенін білдіреді. Мысалы: осы ойымды сізге айтып қояйын деп жүрмін; ол әуелі Москваға барып келейін деп жүр т. б.