Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 39. АДАМЗАТ ЕСІМДЕРІ МЕН ҒАЛАМЗАТ ЕСІМДЕРІ



бет56/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

§ 39. АДАМЗАТ ЕСІМДЕРІ МЕН ҒАЛАМЗАТ ЕСІМДЕРІ

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалык және грамма- тикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан езге жан- жануарлар мен заттардыц атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сездердің бәрі тек кім? деген грамматикалық сүрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген грам- матикалық сүрауға жауап береді.

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам, атау- лаРы деп жалпы адамға тән атаулардыДкіа, бала, қыз, бепе, шал, кемпір, келіншек, ңалыңдық, еркек әйсл т. б.), туыс атауларын (зке, иіеше, әже, ата, аға, іні, апа, сің- лі, немере, иіөбере, нағашы, жиен, бөле, ңуда, қудағи, кҮйеу, ңудаша т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық ие- І^ерінің. атауларын (әнші, атшы, арбашы, егінші, мал-

Бұл терминдер бурын шартты турде персондық және напер- г^ндық есімдер делініп еді, енді олардың орнына адамзат есімдері ! «5Ве ғаламзат есімдері деген атаулар енгізілді.

137




іиы, еңбеккер, суреткер, артист, инженер, діщан, ғалым мұғалім, дәрігер, композитор, сатуиіы т. б.), әр алуац қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, ұлыі\, бастық, төре, ханым, мырза, жолдаі т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға., Жә- мила, Гүлсім т. б.) және басқа да осылар сияқты адам- ға тән атауларды айтамыз.

Зат есімнің бұл тобына, жалпы алғанда, адам атау- лымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атауға болады. Ал, фор- мальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұ рауға жауап береді.

He? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан 63- re барлық жан-жануарлардын және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. He? деген граммати- калық сұрауға жауап беретін зат есімдерге деректі я де- рексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (мыса- лы: құм, іиаң, тас, темір, топырақ, су, ойын, күлкі, сана, күйініиі, қуаныиі, ренііи, аспан, аңыл, әлем
т. б.), өсімдік атаулары (мысалы: ағаш, иіеп, жусан, қарағай, тобыл- ғы, көде, өрік, жүзім, алма, жиде т. б.), ас пен ішімдік атаулары (мысалы: ет, сүт, май, ірімиіік, нан, иіұжщ, қымыз, айран, қаймақ т. б.), хайуанаттардың, аң мен құстың атаулары (мысалы: жылқы, сиыр, қой, еиікі, қү- лан, бөкен, киік, арқар, аю, жолбарыс, қаз, үйрек, бүр' кіт т. б.), балық аттары (мысалы; шортан, сазан, көк- серке т. б.), кұрт-кұмырсқа меи бақа-шаян аттары (мы- салы: кесіртке, иіыбын, сона, ара т. б.), мекен, қора-қоп- сы, құрал-жабдық атаулары (мысалы: үй, ңора, дала, терезе, астау, табақ, қасың, т. б.) тағы баска неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады.

Сөйтіп, зат есімдердщ бұл тобы адамнан өзге жан- жан\ арлардың, заттар мен нәрселердің, захтық ұғым- дардың атауларьін түгел қамтитындықтан, оларды се- мантикалық ерекшеліктеріне қарап, ғаламзат есімдері деп атауға болады, ал формальдық жагынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.

Егерде әдет бойынша кім? деген сұрау койылатын кі- сі аты (ономастика) тиісті жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимнка) ауысса, соңғы атаУға кім? деген сұрэу қойылмайдьі, не? сұрауы қойылаДй- Мысалы, Жидебайжаңа ғана оқу бітірген жас инУС?"

138

нер; Жидебайда білім де, жаһат та бар дегендердегі Жидебай сөзіне кім? деп, Жидебайда сөзіне кімде? деп сұрау қойсақ, Қунанбай аулы Жидебайға қонды; Кұнан- бай аулы Жидебайдан көшті дегендерде біріншісіне ' тек — қайда? деп қана, екіншісіне — қайдан? деп қана сұрау қоюға болады. Қерісінше, не? деген сұрауға жа- уап беретін жай ғана жалпы есім (мысалы, ырыс, мұ- рат т. б.) кісі аты ретінде қолданылатындай болса (мы- салы: Ырыс Дүйсекейқызы, Мұрат Қасымұлы т. б.), тек қана кім? деген сұрауға жауап беретін болады. Сөйтіп, бүлардан кім? я не? деген сұраудың қайсысына жауап беретініне қарай, зат есімдердің семантикалық және грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топқа бөліне- тіндігі айқын аңғарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет