§ 33. ҚАПТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ Қайталама қос сөздердің түр-түрлерінің өзара ма- ғыналық айырмашылықтары сол сездердің кайталау түрлеріне, олардың сырткы дыбыстық жэне сырткы мор- фологиялық формаларына байланысты. Олай дейтін се- бебіміз — кайталаудың әрбір түрі я үлгісі (моделі) тиіс- ті семантикалық я грамматикалық мағына тудыратын грамматякалык форма ретінде калыптасқан («Грамма- тикалық форма» және «Грамматпкалық мағына» деген такырыптарды қараңыз) тәсілдер деуге болады. Өйткені қайталама кос сөздердіц формаларында басқа-басқа қаншалықты түр болса, олардың соншалықты. мағына- лық реңктері де болады. Демек, өзіне тэн ерекшелігі бар әрбір мағыналык рецктің өзіне лайық формасы да бо- лады. Бірер мысал алып көрейік. Егер зат есімге ешқандай да коеымша я басқа дәне- кер қосылмай, екі рет қайталанса (тау-тау, сай-сай, қо- ра-қора), ол сезден жаңа лексикалық мағына тумайды, тек сол сияқты заттарды топ-тобымен жинақтау я белу мағынасы түсініледі. Мысалы: Күндіз көрген жазық же- рің қазір тау иіатқалындай өркеш-өркеш көрінеді (Ғ. Мү- сірепов); Қөп кеиіікпей иіабындық окерлерде мая-мая іиөп түрды (С. Қөбеев). Сын есімнің ешбір қосымшасыз қайталанатын фор- масы да ол сөздің лексикалық мағынасын езгсртпейді, тек семантнкасы меп қолданылу райына азды-көпті ерек- шелік енгізеді. Мысалы: Банан жапырағының әр саласы- на үлкен-үлкен банан жемістері өседі (М. Әуезов). Үзын- үзын сарайлар, кең-кең қоралар көрінеді (С. Мұқанов). Бұл сөйлемдердегі үлкен-үлкен банан; үзын-үзын сарай- лар; кең-кең қоралар деген тіркестердегі қайталанған сын есімдер, бір жағынан, ездері аныктайтын заттардыц көптігін білдірсе, екіншіден, сол заттдрдың бәрі де (я ол заттардың эрқайсысы да) бір сипатты^^^ір-феңкті, бір сапалы) екенін білдіреді. Сонымен қатар, кайталанған сын есім аныктауыш болғанда, анықталатын зат есімге Кептік жалғауы жалғанбаса да, оның көп екеніне шек
111
\
келмейді, бірак, әдетте, көптік жалғауының/жалғадып тұрғаны мақұл. Ал, анықтауыш косарланған сын есім емес, жалан сын есім болғанда, көптік мағынада колда- нылуға тиісті зат есімге көптік жалғауы қайтсе де жал- ғануы шарт. Мысалы: үлкен үй және үлкен үйлер; үлкен- үлкен үй және үлкен-үлкен үйлер дегендерді салысты- рыңыздар. Қайталама кос сөздердің ішінде арасына ма, (-ме -ба, -бе, -па, -пе) косалкыланып айтылатын қос сөздіғ (қарсыма-қарсы, ауызба-ауыз, бетпе-бет) орны езінцк бір баска. Бұл форма казак тілінде аса кұнарлы еме< және өзге топтардан оның семантикасы мен қызметі де өзгеше. Мысалы. көзбе-кез кездестім, ңолма-қол тап- сырдым, сөзбе-сөз түсіндірдім дегендердегі карамен те- рілгеи сездер, біріншіден, амал мен істің біреу аркылы емес, екі субъектінің (адамныц) арасында тікелей бола- тынын білдіреді, екіншіден, осыған сәйкес, бүл сөздер тек етістік сөздермен тіркеседі, үшіншіден, сөйлемде олар тек қана пысыктауыш болып, үнемі адвербиалдық кыз- мет кана аткарады. Жалпы алғанда, бір сөздің кайталануы арқылы жа- салатын күрделі есімдер объективтік өмірде кездесетін заттарда я баска құбылыстарда және олардың әр түрлі карым-катынастарында болатын көбею, топталу, еселеу, жіктелу, саралану, бөліну, жекелену сияқты жай-күйлер- ді я көбейтіп топ-тобымен, я бөліп жік-жігімен, я сара- лап сала-саласымен атап, тәптештеп білдіретін форма (дәнекер) ретінде кызмет етеді. Қос сөздердің бұл ерек- шеліктері олардың қосарланған формаларынаі әр қнлы жалғау және баска косымшалар жалғанып қолданғанда (әрине, сөйлемде), ете-мөте айқындала түседі. Мысалы: Олар көше-квіиені бойлатып, өзді-өзі сеңдей соғылы- сып қалып жатыр (Ғ. Мүсірепов); Ботакөз үй-үйдің ара- сымен келе жатты (С. Мұқанов). Осындағы көше-көшені сөзі бір ғана көшені емес, әлденеше (көптеген) кешені және оның әрқайсысын деген семантикалык, граммати- калық мағынаны білдірсе, үй-үйдің сөзі әр үйдің (я барлык үйдің) деген сара үғымды білдіреді. Сөйтіп, ко- сымшалы қайталама кос. сөздер тобының әрбір саласы сезге өзінше, әр алуан семантикалық мағыналар жамап, тіліміздегі грамматикалық синонимдерді байытумен бір' ге, оньш стилистикалык. амал-тәсілдерін әрі икемді, әрі жатык, етуге аса қажетті дәнекерлер есебінде қызмет етеді.
Үстеме буынды қос сөздердің дыбыстық та, морфолсь гиялық ерекшеліктеріне қарай, семантикалык мағына- лары да аталған топтардың бәрінен өзгеше. Ең алдымен, қайталама қос сөздердің бұл түрі тек сын есімге ғана тэн форма болғандықтан, бұл форма сын есімнің негізгі бел- гісін я күшейту үшін, я бәсеңдету үшін қолданылады. Мысалы: Бүгін Оспан қап-қара боп түтіккен (М. Әуе- зов); Жарты метр қүдық қазсаң, туп-тунык,, мөп-мөлдір муздай суық суы шыға келеді (С. Көбеев). Саусақтары жуп-жумсаң, жып-жылы екен (Ғ. Мүсірепов).