Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 101. ҮСТЕУЛЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ



бет163/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   179
§ 101. ҮСТЕУЛЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

Үстеулер де сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қа- рым-катынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың езде- ріне тән тиісті синтаксистік қызметтерін тану үшін, бі- ріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатын- дығын, екіншіден, үстеулердің қандай сез таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орнын білу қажет.

  1. Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пы- ^сықтауыш мүше болып кызмет атқарады. Мысалы: Ерте

ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амал- сыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин) деген сөйлемдердегі ey­re, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыш- тарды пысықтап тұр.

  1. Үстеулер, осы жоғарыдағы сияқты, етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мысалы: оның еміс- еміс білетіндеріқызыл балыңтар ғана (Ғ. Сланов) деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етіс- тік формасынан болған бастауышты пысықтап тұр.

  2. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысық- тайды, мысалы: Бозбаламын мен де енді (Жамбыл); Бү- гінгі колхозиіьілар шетінен сауатты (Ғ. Мұстафин) де- ген сөйлемдерде енді үстёуі бозбаламын деген баянда- уьішты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пы- сықтап тұр.

Кейбір үстеулер, өздерінің семантикалық мағынасына Карай, әдеттен тыс, сын есімді де, үстеудін, өзін де, зат ес‘мді де айқындайды. Мысалы: Мен бүгін сонша иіар- ^адым (Ғ. Мұстафин); Ол сонша өрескел сөз айтты (г. Мұстафин); Сонша алтынды қайдан алдың? (С. Мұ-

343




қанов) деген сөйлемдерде сонша деген үстеу бірінші сөйлемде етістікті (шаршадым)
айқындаса, екінші сей- лемде сын есімді (өрескел), үшінші сөйлемле зат есімді (алтынды) айқындап тұр.

Қейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш та болады. Мысалы: Мен мундамын (Ғ. Мұстафин); Мен сенімен біргемін (Ғ. Сланов). Үстеулер үстеулік касиеттен бел- гілі тексте ғана уакытша айрылып, я бастауыш, я то- лықтауыш бола алады (мысалы: Бугінхалық мейра- мы («С. Қ.»). Бугіндіертең жеңеді (Ғ. Сланов).

  1. Сөйлемде үстеулер қашан да болсын (еленді сез- деч баскада) өздерінін пысыктайтын я айқындайтын сездерінен бүрын тұрады. Бірак үстеулердін ішінен орын талғамайтыны — мезгіл үстеулер. Егер олар баяндауыш- тан баска мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелеп сол пысықтайтын мүшенің алдынан (бұрын) түрады. Ал баяндауышты пысықтаса, онан (баяндауыштан) алшақ та тұра береді.

Үстеулердің басқа топтары өздерінін пысыктайтын (айқындайтын) мүшелерінің тікелей қасында тұрады. Егер бірнеше үстеу коса-кабаттаса қолданылса, ен әуел- гі орында — мезгіл үстеуі, одан кейін — мекен үстеуі, одан кейін — максат, себеп, сын үстеулері тұрады.

X т a р а у ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет