§ 23. СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудыр- сақ та, басқа-басқа бірнеше сөз тудырсак, та, біз ең әуелі сол туынды сөздерге негіз болған сөздің түлға-түрпатын, демек, морфологиялық қүрылысын өзгертеміз. Мысалы, жұрнақ арқылы бір түбірден ісші, іскер, істе, іскерлік де- ген сияқты бірнеше сөз тудырсак та немесе қосарлау ар- қылы әр түбірден көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет сияқ- ты әлденеше сөз тудырсақ та, сөздін бастапқы түрпаты өзгереді. Сондай-ақ, екі түбірді бір-бірімен біріктіру арқылы туған бүгін, түрегел, ендігәрі, біресе (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі, бір ерсе) сөздерін алсақ та, олар- дың морфологиялық қүрылымы өзгеріске үшыраған. Осы сөздер не түбірге қосымша косу аркылы, не бір түбірді біріктіру арқылы — қысқасы,— солардың морфология- лық қүрылымдары өзгеру аркылы — жасалған. Олардың қай-қайсысы болса да, тіліміздің грамматикалық күры- лысына тән заңдарға лайықты күрылған. Осы сөздердін сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қыз- мет етеді. Өйткені түбірге жұрнақ қосу, түбірлерді косар- лау я біріктіру тәсілдерін алсак, олар сөз тудырудың сыртқы формасы болады да, сол тәсілдер (формалар) арқылы туған жаңа сөздердін. лексикалық мағыналары сөз тудырудың мазмұны болады.
Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайык, калыптасқан белгілі- белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте, сөз тудыру тәсілі деп айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |