Ахмет Байтұрсынұлы Таныстырылым Өмірбаяны



Дата18.05.2023
өлшемі12,31 Kb.
#94199
түріӨмірбаяны

Ахмет Байтұрсынұлы Таныстырылым

  • Өмірбаяны:

Ұлттық жазудың реформаторы, ұлы ағартушы педагог, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.
Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан.

Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.

Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.

  • Шығармашылық жолы

Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

  • А.Байтұрсынұлының лингвистиканың зерттеуі

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фонологиясы мен графикасын 1910 жылдардан бастап зерттей бастады. Ол қазақ зиялыларының латындандыруға қарсы пікір білдірген бейресми көшбасшысы болды: оның пікірінше, қазақ тілінің латын графикасына өтуіне «еш қажеттілігі жоқ» деп жазған. Латын әліпбиінің басты минусы ретінде, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фонемаларына «қолайлы таңбалардың жоқ болуы» деп түсіндірді. Сонымен қатар, ол араб жазуын латын жазуына қарағанда тезірек және оңай оқуға болады деп сенді. Сонымен қатар, Байтұрсынұлы бұрын қазақ тілі үшін қолданылған араб жазуы күрделі болуына байланысты бұқаралық сауаттылық деңгейінің артуына кедергі болды деп есептеді. Араб жазуының кемшіліктеріне ол бір фонема үшін бірнеше әріптерді қолдануды, жазудың консонантты сипатын — дауысты дыбыстар үшін белгілердің болмауын жатқызды. Араб жазуын реформалау идеясын Молдағали Жолдыбаев, Халел Досмұхамедов және Міржақып Дулатұлы сияқты қоғам және саяси қайраткерлер қолдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет