Тәрбие туралы ұлағатты сөздер
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы
Тәрбие басы – тіл.
Жүсіпбек Аймауытов
Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Әзілхан Нұршайықов
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов
Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
Бауыржан Момышұлы
Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.
Қорқыт ата
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
Антон Макаренко
Адамды қандай істе болса да ұстамдылықта, ойындағысын тайсалмай айтуда, қайсы бір мұқтаждыққа төзуде, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсете алатындай жағдайға қоймайынша оны ержүрек етіп тәрбиелеуге болмайды.
Антон Макаренко
Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.
Абай Құнанбайұлы
Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.
Пётр Каптерев
Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.
Жүсіп Баласағұни
Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.
Константин Ушинский
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
Достарыңызбен бөлісу: |