Болжал рай
Болжал рай дейміз – істі шартқа қарайлап болжалдағандағы сөздің
түрін. Мәселен, оқыр едім (ақшам болса), ішер едің (су болса), барар еді
(жалдаса) деген сияқты сөздер болжал рай болады.
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз
түрлерінде жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу.
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып, алдыңғы үлгілер
бойынша болжал раймен жіктету.
Мұң рай
Мұң рай дейміз – істерлік іске мұң болғанда айтылатын сөздің түрін.
Мәселен, айтар ма едім, айтпас па едім, жүрер ме едің, жүрмес пе едің
деген сияқты сөздер мұң рай болады.
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз
түрлерінде жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, мұң раймен жіктету.
Көніс рай
Көніс рай дейміз – іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз
түрін. Мәселен, кетемін – та, кетпеймін – та, барамын – та, бармайсың –
та, көреді – та, көрмейді – та.
97
Ескерту. Көніс рай екінші түрлі де айтылады, мәселен, кетемін –
тағы, кетпеймін тағы, кетесін – тағы, кетпейсін – тағы, кетпейді – тағы
деген сөздер де көніс рай болады.
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, алдыңғы үлгілер
бойынша көніс раймен жіктету.
Қайрау рай
Қайрау рай дейміз – істі істеуге я істемеуге қайрай сөйлегендегі сөз
түрін. Мәселен, барайыншы, бармайыншы, баршы, бармақшы, барсыншы,
бармасыншы деген сияқты сөздер қайрау рай болады.
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, жоғары үлгілер
бойынша қайрау раймен жіктету.
Азалы рай
Азалы рай дейміз – қайрау райын азамен айтылатын түрін. Мәселен,
жүрсейші, жүрмесейші, қалсайшы, қаламасайшы, барсайшы, бармасайшы.
Ескерту. Азалы райдың түріне жақын өтініштеу рай бар: Мәселен:
барсана, тұрсана, жүрсана, қойсана, кетсана уа ғайри солай. Бұл рай бұрын
айтылса да, бұл күнде тіпті айтылмайды десе де болар. Некен-саяқ
бұрыңғы ертегілерде ғана келеді («Қара батыр» деген ертегіні қара).
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша азалы раймен айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, алдыңғы үлгілер
бойынша азалы раймен жіктету.
Теріс рай
Теріс рай дейміз – істелетін іске айтылатын сөз теріс түрін. Мәселен,
барса игі едім, бармаса игі едім, алса игі едің, алмаса игі едің, жүрсе игі
еді, жүрмесе игі еді деген сөздер теріс рай болады.
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен сөздер алып, алдағы үлгі бойынша
теріс раймен жіктету.
98
Жай етістіктің өзгерісі осы көрсетілгенше. Көмекші етістіктердің
кейбіреулері осы шақпен сөйлегенде жай етістіктің жіктелуінен өзгеше
айтылады. Мұндай етістіктер төртеу-ақ: жүрмек, тұрмақ, отырмақ,
жатпақ. Осы жақпен жіктеп, өзгеше түрде айтып қарайық.
Достарыңызбен бөлісу: |