Болымсыз түрлері жай етістіктерше жіктелді.
Бұл түрінің осы шағы нағыз осы шақ болады. Сыпайылық һәм
анайылық ретпен сөйлеу етістікте де бар. Анайылық ретпен сөйлегенде
жоғарыда көрсетілген қалыпша айтылады. Сыпайылық ретпен сөйлегенде
тыңдаушыға сөйлеуші «сіз» «-ыңыз» қосып сөйлейді. Мәселен:
Жекеше:
Билік рай: «Бар» орнына «барыңыз»
Ашық рай: 1) «Барасың» орнына «барасыз»
2) «Бардың» орнына «бардыңыз»
3) «Барарсын» орнына «барарсыз»
Шартты рай: «Барсаң» орнына «барсаңыз»
Ерулі рай: «Барсаңда» орнына «барсаңызда»
Азалы рай: «Барсаңшы» орнына «барсаңызшы»
басқалары да осылайша.
Көпше:
Билік рай: «Барыңдар» орнына «барыңыздар»
Ашық рай: 1) «Барасыңдар» орнына «барарсыздар»
2) «Бардыңдар» орнына «бардыңыздар»
3) «Барарсыңдар» орнына «барарсыздар»
99
Шартты рай: «Барсаңдар» орнына «барсаңыздар»
Ерулі рай: «Барсаңдар да» орнына «барсаңыздар да»
Азалы рай: «Барсаңдаршы» орнына «барсаңыздаршы»
басқалары да осылайша.