Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал



Pdf көрінісі
бет90/127
Дата26.03.2022
өлшемі2,67 Mb.
#28855
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

Сөз талғау 
 
 
Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның 
бірі  ақын  тілі  деп,  екіншісі  әншейін  тіл  деп  аталады  деп  едік.  Бұл  екі 
тілдің  арасындағы  айырмасы  мынау:  әншейін  тіл  көбінесе  сөздің 
дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талдайды. Ақын тілі сөздің 
дұрыстығының,  тазалығының,  дәлдігінің  үстіне,  көрнекті,  әуезді  болу 
жағын да талғайды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Шығарма  сөз  өңді,  ұнамды  болу  туралы  талғаудың  қоятын  жалпы 
шарттары мынау: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
1.  Сөз дұрыстығы 
 
Сөз  дұрыс  айтылуы  деп  әр  сөздің,  әр  сөйлемнің  дұрыс  күйінде 
жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:  
 
 
 
1) Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, 
жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну.
 
2)  Сөйлем  ішіндегі  сөзді  дұрыс  септеп,  дұрыс  көптеп,  дұрыс 
ымыраластыру.   
 
3) 
Сөйлемдерді 
бір-біріне 
дұрыс 
орайластырып, 
дұрыс 
құрмаластырып, дұрыс орналастыру.    
 
 
 
 
 
 
2.Тіл тазалығы   
 
 
 
 
 
Тіл  тазалығы  дейтініміз  –  ана  тілдің  сөзін  басқа  тілдің  сөзімен 
шұбарламау.  Басқа  тілден  сөз  тұтыну  қажет  болса,  жұртқа  сіңісіп, 
құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.  
 
Орыстың  жақсы  жазушыларын  алсақ,  олар  көбінесе  мынау  түрлі 
сөздерден қашқан:  
а. ескірген сөздерге жоламаған. 
ә. жаңадан шыққан сөздерден қашқан. 
б. өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. 
в.  жергілікті  сөздерге,  яғни  бір  жерде  айтылып,  бір  жерде  айтылмайтын 
сөздерге жоламаған.   
 
Қазақ  әдебиеті  қатып-пісіп,  жетпеген  уақытта  біз  қазақ  сөзін  ескі, 
жаңа  деп  талғамаймыз,  жергілікті  сөз  екен  деп,  ол  жағынан  қатал  қарап, 
қашып  тұрмаймыз.  Жалғыз-ақ  біздің  мықтап  қашатынымыз  жатшылдық 
(жат сөзшілдік). 
 
Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт, өз тілінде жоқ 
деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат 
тілдің  сөздерін  араластыра-араластыра  ақырында  ана  тілінің  қайда 
кеткенін  білмей  айырылып  қалуы  ықтимал.  Сондықтан,  мәдени 
жұрттардың  тіліндегі  әдебиеттерін,  ғылым  кітаптарын  қазақ  тіліне 
аударғанда  пән  сөздердің  даярлығына  қызықпай,  ана  тілімізден 


236 
 
қарастырып  сөз  табуымыз  керек.  Сонда  біздің  әдебиетіміздің  тілі  таза 
болып, жоғарыда айтылған талғау салтының салты орындалған болады.  
3. Тіл (лұғат) анықтығы 
 
Айтылған  лебіз  ашық  мағыналы,  түсінуге  жеңіл,  көңілді 
күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық 
мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. 
Адам  анық  танитын  нәрсесін  анық  атайды  да,  көмескі  танитын  нәрсесін 
көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз 
де,  біреудің  сөзін  анық  түсінбей,  жорамалдап,  жорып,  ұйғарып  қана 
қоямыз. 
Лебіз анық болуына мынандай орындарда кемшілік келмек:  
а) Лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда. 
 
Мысал: 
 
 
Жаман қатын алсаңыз, 
Төркініне бере алмай, 
Төсегіне жата алмай,  
Тең құрбысы келгенде,  
Жөнді жауап айта алмай 
Жалғанда қор болады. 
Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға болады: «Төркініне 
бере алмай, төсегіне жата алмай» байы «қор болады» деп те ұғуға болады. 
«Тең  құрбысы  келгенде  жөнді  жауап  айта  алмай»  қатыны  «қор  болады» 
деп те ұғуға болады. 
 
Сол сияқты, мынау да екіұшты лебіз: 
 
«Абай ұрыға қас еді, ұры ауылының маңына жолмаушы еді».  
 
Мұнда  «ұры  ауылының  маңына»  Абай  «жоламаушы  еді»  деп  те 
ұғуға болады. «Ұры Абай ауылының маңына жоламаушы еді» деп те ұғуға 
болады. 
Абайдың мына сөзін де екі түрлі ұғуға болады: 
«Қисық  болса,  закон  бар,  судьяға  беруге,  ол  да  уезднай  емес  қой, 
алуға теңдік сенуге».  
ә)  Сөйлемдер  шұбалыңқы  айтылып,  бір  басыңқы  қасында  көп 
бағыныңқы  сөйлем  болса,  немесе  сөйлемдердің  құралуы,  құрмаласу, 
сабақтасулары шатақ түрде болса, әйтпесе, тыныстар орнына қойылмаса. 
Мысал:  
1)  «Өз  әкесі  Құнанбай...  уақытындағы  елдің  құр  мұсылманмын 
дегеннен  басқа,  діннің  не  екенін  білмей  қан  жеп,  неше  түрлі  ырымдарға 
табынып жүргеніне қатты тыю салып, анық шариғат қоспаған істі қылған 
ғайырғы бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр жаза салып, халыққа ауыл 


237 
 
басы  молда  ұстатып,  қадары  қал  ғылымның  жолын  көрсетіп,  үлгі  салған 
еді». 
2)  Соңғы уақытта Абай өзі өлеңінің  өнер екенін біліп жаза бастаған 
соң  бұрынғы  ақындар  надандықпен  өлеңді  өнер  орнына  ғибрат  үшін 
айтпай тіленшілік орнына айтқандықтан ақындықтың да, өлеңнің де қазақ 
ордасында  бағасы  кеткендігін  айтып,  өзін  олардың  ретінен  басқа  қылып, 
алмақ  пайда  үшін  емес,  халықты  ұмтылтып,  көңіл  көзін  ашпаққа  ғибрат 
үшін жазғанын білдіріп, өлең шығарған.  
3)  Сол  себепті  жазушылықтың  өзі  де  екінші  дәрежеде  қалып  салақ 
болып,  берірек  ұлғайыңқыраған  кезінде,  өкініш  түсіп,  жасында  ғылым 
жолында  болмай,  қазақтың  айқайымен  жүргендіктен,  кешірген  өмірінің, 
жазған  өлеңінің  ретсіз  болып,  яки  ғибрат  алмаққа  жарамайтындығын, 
ақылға  сыйымсыз  жері  болса,  кейінгі  замандағы  сынаушы  жастардан 
өзінің тәрбиесіз, үлгісіз өткен өмірін айтып, надан елдің ішінде неше түрлі 
машақат, әурешілікпен бойды ыза кернеп, өткен қатам болса аяп, аз сөге 
көріңдер деп жазғаны – «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма...». 
4)  Сөздер өз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада жұмсалғанда 
меңзеу, өрескел болса, мәселе:  
Таулардан бұлақ ағар сарқыраған
Күмістей  сәуле  беріп  жарқыраған,  -  дегеннің  орнына,  «таулардан 
сарқырап, жарқырап, ақ күміс ағады» десе... 
5)  Адас  сөздерді  аңдап  айтпаса,  мәселе,  «ол  едің  адамының  бәрі 
азулы»  дегенде,  адамның  бәрі  азып  болғанын  айтқаны  ма?  Болмаса, 
«Адамының бәрі мықты, азулы айғырдай» дегені ме? Анық емес.  
6)  Сөз  орынға  қойылғанда,  мәселен,  күндерде  бір  күн  Сатемір 
далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп жан-
жағына  қарап  жатса,  бір  аяғы  ақсақ  құмырысқа  тамның  төбесіне  қарай 
домалап барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.  
Мұнда «бір аяғы ақсақ құмырысқа деген сөз құмырысқаның бір аяғы 
ақсақ  екендігін  көрсете  ме,  болмаса  аяғы  ақсақ  бір  құмырысқа  деген 
мағына ма – белгісіз. 
4. Тіл дәлдігі 
Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. 
Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл 
дәлдігін бұзатын амәндес сөздер.  
Амәндес  сөз  деп  мағынасы  жақын  сөздер  айтылады.  Мәселен, 
батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның 
жүректілікті  көрсеткенімен,  әрқайсысының  өз  алдына  өңі  бар.  Өңін 
танымай,  яки  аңғармай,  бірін  бірінің  орнына  айтса,  лұғат  дәлдігіне 


238 
 
кемшілік  келтіреді.  Және  де  тіл  дәлдігіне  мынадай  орындарда  кемшілік 
келеді.  
1)  Сөйлем  ішінде  орын  алып,  оралғы  болудан  басқа  қажеті  жоқ 
сөздер кірсе. 
Мысал: 
а) Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді. 
ә) Өз көзімен көріп. Көз алдымнан атқарып келіп отырмын. 
б) Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді. 
 
Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса орны ойсырамайтын сөздер: 
«мал жиғыш», «пайда тапқыш», «көз алдымнан атқарып», «қалыптанған» 
деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде тұрғанда ғана толық болуына келтіріп 
тұрған пайдасы жоқ. 
         2) Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мәселен: 
         3) «Мен қартайған шағымда, байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп 
күйген  жоқ,  қайраты  жоқ  деп  қарасқан  жоқ,  әлі  жоқ  деп  асырған  жоқ» 
деген  сияқты.  Бұлай  айтудың  сырты  көркем  сияқты  көрінсе  де,  ішкі 
мағынасы пікірді толықтырмай, тек сөздің сөйлемнің қарасын көбейтеді.  
5. Тіл көрнектілігі 
Сөздің  дұрыс,  таза,  анық,  дәл  айтылуының  үстінде  талғау  сөздің 
көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат 
түсініктірек,  жансыз  заттың  күйінен  жанды  заттың  күйі  танысырақ. 
Сондықтан  адам  сөйлегенде  сөзі  толық  түсінікі  болу  үшін  дерексіз 
заттарды  деректі  затша,  бернесіз  заттарды  бернелі  затша  сипаттайды, 
жансыз  затты  жанды  заттай  ғамалайды.  Ақ  көңіл,  шолақ  ақыл,  арам  ой 
деу,  яки  күн  бүркіп  тұр,  найзағай  ойнады,  су  қайтты  деу,  я  болмаса, 
қазанның  құлағы,  ошақтың  бұты,  үйдің  төбесі  деу  дерексіз  заттарды 
деректі  затша,  жансыз  заттарды  жанды  затша,  бейнесіз  затты  бейнелі 
затша  қалыптау,  ғамалдау,  бернелеуден  шығып,  әдетті  сөзге  айналып 
кеткен.  Мұндай  сөздер  жалғыз  әдетті  түрінде  емес,  әдейі  де  айтылады. 
Мәселен,  Мағжанның  «Толқын»  деген  өлеңінде  толқынның  толқығанын 
бернелеп,  түсінікті  түрде  көрсету  үшін  әдейі  жанды  нәрседей  ғамалдап, 
былай дейді:  
 
 
Толқыннан толқын туады, 
Толқынды толқын қуады 
Толқын мен толқын жарысад; 
Күңіренісіп кеңеспен, 
Бітпейтін бір егеспен. 
 
 


239 
 
*** 
Толқын мен толқын сырласып
Сырларын еппен ұрласып, 
Толқынға толқын еркелеп, 
Меруерт көбікке оранып,  
 
Жыландай жүзге бұралып,  
 
Жарға жетер ентелеп. 
 
 
Осы  сияқты  өң  берілген  сөздер,  көрнекі  тіл  делінеді.  Тіл  көрнекі 
болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей 
суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. 
Қалыпты  түріндегі  ондай  дәрежеге  жету  үшін  түрлі  әдістер  істеледі.  Ол 
әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:  
1)  көріктеу, 
2)  меңзеу, 
3)  әсерлеу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


240 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет