Ахмет Байт±рсын±лыныњ «Єдебиет танытќыш» ењбегі ХХ ѓасыр басындаѓы єдебиеттану ѓылымыныњ контексінде


Жұмыстың «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің трактовкасы» атты үшінші бөлімінде



бет8/15
Дата15.10.2023
өлшемі200,5 Kb.
#115398
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Жұмыстың «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің трактовкасы» атты үшінші бөлімінде толығымен «шығарма сөздің» бүтіндей семантикалық ерекшеліктері қамтылады.
«Әдебиет танытқыштың» ең басында сөз өнерінің жалпы теориясына қатысты келесі бір тәсіл пайдаланылған: «Шығарманың екі жағы бар: 1) тысқы тіл жағы, 2) ішкі пікір жағы.
Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді:
шығарманың тілінің ғылымы, 2) шығарманың түрінің ғылымы.
Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді» [9, 176]. Бұдан шығатын түйін - Байтұрсынұлы ең алдымен шығарманың семантикалық құрылымына назар аударып отыр. Шығарманы мазмұндық жағынан қара сөз бен дарынды сөз жүйесі деп бөлуі соның айғағы. Сонымен «Әдебиет танытқыштағы» «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталатын екінші тарауда асыл сөз теориясының негізгі белгілері тұтастай талданады. Ахмет Байтұрсынұлы тұжырымы бойынша, көркем сөз – көпқабатты құбылыс. Оның құрамында сөздің негізгі теориялық басымдықтары белгіленген: «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына қарайтын нәрсе, көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз дүниені тұрған қалпында алып айтады. Көркем сөз дүниені көңілдің түйген, қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады. Жалаң сөз айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, қақиқат түрінде айтады. Көркем сөз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, әләптеп, көбінесе ұйғару түрінде айтады, жалаң сөз дүниеде шын болған, шын бар нәрселерді әңгіме қылады» [9, 255]. Жоғарыда біз ғалымның қандайда бір категорияның мазмұнын ашуда ең маңызды ерекшеліктерді айтып кеткенбіз. Мұндай ерекшелік, ғалымның «сөз өнері» мәнін түсіндіргенде қолданылатын әдістеме әдеттегі бізге таныс дефиниция жүйесіне берілмейді. Ғалым пәннің кез-келген категорияларын түсіндіргенде оның қасиетін образды мысалдармен, философиялық, филологиялық категориялар бірлігінде ашып береді. Бұған қоса, А. Байтұрсынұлы көркемдіктің негізгі спецификалық категорияларына басты көңіл аударады. Яғни, тек ой желісіндегі көркемдіктің реттілігі ғана ашылып қоймайды, сонымен қатар олардың түпкі белгілері  («Көркем сөз – көңіл тілі»; «көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе ») яғни адам санасының көркемдік әлемді сезіну негіздері қатар түсіндіріледі. Мұның бір шеті адамның образды қабылдау бейімдігіне де қатысты («яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау») Мұның өзі бейнелеу категориялардың мәніне, санадағы бейнеге ұласады. Бұл тұрғыда Потебня еңбектеріне сілтеме жасауға болады [18]. З.Фрейдтен Э.Фромға дейінгі бір топ психологтардың да көркем туынды мен түс көрудің жақындығы туралы көп жазуы тегін болмаса керек.
Жоғарыда келтірілген, көркем сөздің ерекшелігіне қатысты А.Байтұрсынұлы тезисі, жалпылай алғанда, гегелдік және гегелден кейінгі эстетикалық әдіснамаға біршама жақын. Образ категориясын талқылауда гегелден кейінгі эстетикалық методологияның бір ерекшелігі - көркемдік мәтін мен ғылыми дәлелдік шығарма сөздердің мәнін қарсы қойып талдауларында болды. Ал көркем сөздің пәндік мазмұнын ашуда А.Байтұрсынұлыдан да аталмыш тәсіл байқалады: «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына қарайтын нәрсе, көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе» т.б. деген секілді, көркем сөз бен қара сөзді қарсы қойып түсіндіру мәселесіннен соны аңғарамыз.
Бүгінгі заман әдебиеттанушысы В.Е. Хализев көркем сөздің екі негізгі қасиетіне тоқталады. Біріншісіне - «ойдан шығарылған заттық ұғымды» (мұның мағнасы сөз өнерінегі көрнекілік заттық көрнекілік емес дегенге саяды; оны шартты көрнекілік деп түсінуге болады) жатқызса; екіншісі – сөздік конструкция мен сөздік құрылымдар. Әдеби шығарманың мұндай екі жақтылық қасиеті ғалымдарды белгілі бір тұжырымға әкелді. Ол тұжырым әдеби шығармада екі өнердің – қиял өнері (мұның сапында көбіне өзге тілдерге тез аударылатын беллитристикалық прозаларды да айтуға болады) мен сөз өнерінің (бұл ақын тілінің негізі болып табылады) белгісі бар деген пайыммен байланысты. Бұл тұрғысында Хализев: «На наш взгляд, вымысел и собственно словесное начало точнее было бы охарактеризовать не в качестве двух разных искусств, а как две нерасторжимые грани одного феномена: художественного словесности» [26, 109] деген пікір айтады. Расында көркем сөздің біз қозғап отырған екі бірдей белгісі көркемдік аясында қашанда бір-біріне қызмет ете бермек. Батыстық ойлау жүйсімен салыстырғанда қазақы ойлау да бейнелікке барынша жақын. Ал орыс әдебиеттануы да образға тірі ағза кейпінде, яки тіршілік танымы ретінде қарайтындарын айтады. Мұны «образ» түсінігінің орыс тіліндегі бүтіндей мәні - symbol, copy, fiction, figure, icon секілді бірнеше англо-американдық терминдермен берілетінінен де көруге болады.
Ғалым сөйлеу жүйесінің мағыналық қызметін негізге ала отырып, «қара сөз» бен «дарынды сөздің» нысанын айырып береді. Алғашында олардың терминдік жолын саралап, ашып алады: «Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі көрнекі болады деп жоғарыда айтылған еді. Қайсысымен сөйлесек те сөйлеу болады. Бірақ сөйлеуді негіз түріне қарай айыру қажет болған орында жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, көрнекі лебізбен айтылған сөзді жырлау – толғау дейміз. Сөйлеу де,жырлау да, толғау да, бұл күндегі әдебиет алқасына кіретін жалаң лебізді және көрнекі лебізді сөздердің таптарын анық ашуға жарамсыз болғандықтан, жалаң лебізді сөздерді қара сөз деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке қарамай, асылына қарағанда, «қара сөз» деген мен «сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір болып, «дарынды сөз» деген мен «жырлау», «толғау» дегеннің мағынасы бір болып, бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сөзді шығармалардың да, дарынды сөзді шығармалардың да түрлерінің өлеңдісі, өлеңсізі болады» [9, 252]. Б.В.Томашевский, В.В.Виноградов, Г.О.Винокурларда бұл айырым көбіне көркемдік нысанның құрылымына байланысты жүзеге асады. Мәселен Б.В.Томашевскийдің «Речь художественная и речь практическая» деген бөлімді (және олардың ұғымдық негізін) «Стилистика белгілері» атта тараудың аясында қарауы соның дәлелі [15]. Осы негізде 20 жылдары бірқатар еңбектер жазылғаы туралы стилистикаға кіріспе тарауда айтып кеткен болатынбыз.
Шығарма сөздің (словесное творчество) жоғарыдағы мысалдағыдай болып бөліну себебін түсіндіргенде, А. Байтұрсынұлы оны ең алдымен адамның ойлау жүйесімен байланыстырады. «Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда иә нәрсеге тиісінше ойлайды, иә көңілінің түйісінше ойлайды» [9, 253]. Тиісінше ойлауды (объективное мышления) қара сөзге тән деп, ал түйісінше ойлауды (субъективное мышления) дарынды сөздің талабына сай келетінін бірнеше қисынды мысалдар арқылы анықтап береді. Енді осы екі ұғым жүйесі не туралы айтады дегенде, қара сөз тиіс ғалам турасындағы (объективный мир) әңгіме болады да, дарынды сөз түйіс ғалам турасындағы (субъективный мир) әңгіме болатынын көркем сөз бен жалаң сөздің қасиеттерін салыстыра отырып қорытады. Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің мағыналық жағындағы сипаттарын осылай ашып алғаннан кейін, оларды функцияналдық жағынан былайша жіктейді: «Қара сөз бен дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын орнына, қызметіне қарай былайша айрылады: дарынды сөз адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден адам тек ұғым алады» [9, 255]. Әрине, бұл жерде қара сөз ұғымы тек ғылым тілдерімен шектеліп тұрмаған болса керек. Десек те, ұғымның қисыны бойынша қара сөздің жүйесі нақтылыққа алып барып ғылым тілінің талабына келеді. Алайда, бұл жерде «қара сөз» жүйесін А.Байтұрсынұлының сөз өнерінің мазмұндық негізінен таратқанын ескерсек, онда ол тек ғылым тілімен шектеле алмайтын болып шығады. Бұл енді «қара сөз» үлгілерін саралағанда айқындалатын жайт.
Бірақ, бұл мәселеде түсініктердің орны айқындала түсу үшін оны тағы қарастыруды қажет етеді. Мәселен сөйлеу жүйесінің прозалық және поэтикалық түрлерін зерделегенде оның негізі сөз өнерінің мәніне ұласып жататыны түсінікті. Бұл әрине, олардың ілкі не кең мағынасындағы трактовкасына қатысты. Кең мағынасы дегеннің бір ұшы ол түсініктердің генезисіне алып келеді. Мәселен бұл туралы А.Н. Веселовский: «Исторически поэзия и проза, как стиль, могли и должны были появиться одновременно: иное пелось, другое сказывалось. Сказка так же древня, как песня; песенный склад не есть непременный признак эпического передания; северные саги, этот эпос в прозе, не представляют собою единичный факт» дейді [27, 434]. Потебня болса, бұл айырымға сөздің бейнелілік астары жағынан келеді де, ақын тіліне қарағанда прозада бейнелілік болмайды дейді: «Когда возникает проза? Проза для нас есть прямая речь… в смысле речи, имеющей в виду или только практические цели, или служащей выражением науки. Проза­ичны — слово, означающее нечто непосредственно, без представления, и речь, в целом не дающая образа, хотя бы отдельные слова и выражения, в нее входящие, были образцы» [28, 152]. Кейіннен А.А. Потебня бұл мәселені «сөз бен ой» дәрежесіне дейін көтереді. Сөздің ішкі құрылымының философиясына қатысты ғалымның теориялық пікірлері бүгінгі әдебиеттануда (дәлірегі Потебнядан кейінгі) үлкен ықыласпен зерттеліп келеді [29]. Прозаның генезисіне ой жүгірткен А.А. Потебняда мынадай да сілтемелер кездеседі: lат. prosa sc. oratio, locutio из prosa, provorsa (как susum из sursum, subvorsum, retiosum из retrorsum, retrovorsum) – сөзбе сөз: тіке алға бағытталған (как prosa sc. dea – дұрыс босану тәңірі; алдымен сәбидің басы шығады), түзу дегеннің (прямая речь – түзу, тура сөз) бұл жердегі мағынасы, оны өлең майыстырмаған (prosa oratio, quam non inflexit cantilena), немесе жай, жалаң деген мағынада (Steinthal - 128, 5; 127, 22; Pott. - 123, 218) [27, 211]. Қалай болғанда да, Байтұрсынұлы ұсынған қара сөз бен дарынды сөз айырымын поэзия мен прозаның баламасы ретінде қарай алмаймыз.
Қорыта айтқанда, бұл соңғы бөлімде асыл сөз теориясының - көркем шығарманың түрлері, прозалық мәтін мен ақындық мәтіннің айырымы, көркемдік әлемнің құрылымдық жүйесі мен ондағы мағыналық астарлар мәселесі, мәтіндерінің арасында қатынас жүйесі, терминдеу жүйесі, көркемдік әлеміндегі субъективті және объективті басымдықтар, композициялық негіз, оқиға таңдау, олардың орналасуы, әдеби тектер мен жанрлар ерекшеліктері, шығарманың эстетикалық талғам бағыттары секілді негізгі белгілері тұтастай талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет