Ахмет Байт±рсын±лыныњ «Єдебиет танытќыш» ењбегі ХХ ѓасыр басындаѓы єдебиеттану ѓылымыныњ контексінде



бет2/15
Дата15.10.2023
өлшемі200,5 Kb.
#115398
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұған дейін де «Әдебиет танытқыштың» құнды еңбек екендігі жиі айтылып (Ш.Сатпаева, Р.Сыздықова, З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Нұрғали, А.Ісімақова, Ө.Әбдіманов т.б. ғалымдар) келеді. Дегенмен, бұл еңбектің бүтіндей теориялық тұжырымдамасы арнайы зерттеу тақырыбына айналған жоқ. Осы тұрғыда «туған топырағымызда әдебиет теориясының басы болып саналатын» (З.Қабдолов) «Әдебиет танытқышты» (1926) ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымындағы басты-басты әдеби-теориялық тұжырымдармен бірлікте талдау да әзір бірізге түсе қойған жоқ. Академик Р.Нұрғали: «Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі «Әдебиет танытқыш» төңірегінде әлі де көп зерттеулер жүргізу керек» [3, 35] – екендігін баса айтады. Осы ретте, әрине бұл диссертациялық жұмыс өзектілігі де «Әдебиет танытқышты» әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында кең көлемді талдауға алғаш түсіп отырғандығымен тікелей байланысты. Еңбектегі әрбір категорияның теориялық деңгейі де, әлемдік әдебиеттану ғылымында лайықты бағасын алған белгілі мамандардың тұжырымдарымен қатар түсіп жатады. Осы негіздерді ескере отырып, «Әдебиет танытқыш» толыққанды теориялық еңбек ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиетінде сөз өнері теориясының сан қырлы категориялары жайлы және алаш зиялыларының мұраларындағы әдеби-теориялық, әдеби-эстетикалық пайымдары мен Абай, Әлейхан, Жүсіпбек, Міржақып, Смағұл, Мағжан, М.Әуезов және басқа ақын‑жазушылардың шығармашылық даралығын айқындап берген Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Базарбаев, Ш.Сәтпаева, З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, Т.Кәкішев, Ә.Нарымбетов, М.Мырзахметұлы, Ж.Дәдебаев, А.Еспенбетов, Қ.Әбдезұлы, Б.Әзібаева, Ә.Байтанаев, К.Сыздықов, С.Мақпырұлы, Б.Майтанов, С.Дәуітов, Ф.Фаткуллин, С.Негімов, А.Ісімақова, Г.Пірәлиева, Г.Елеукенова, Д.Қамзабекұлы, Р.Имаханбетова және т.б. ғалымдардың еңбектері болды.
Диссертация жұмысының тақырыбына қатысты қомақты зерттеулер мен пікірлер білдірген ғалымдар санатында З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, А.Ісімақова еңбектері зерттеуге негізгі арқау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет